5 493

Қан және оның компоненттерін дайындау бөлімшесі

 Қан дайындау бөлімшесі
Қан дайындау бөлімшесі қан орталығының ең үлкен бөлімшесінің бірі. Бұл бөлімшеде 24 қызметкер жұмыс атқарады. Бөлімшенің меңгерушісі Дәуітова Рая Жаңбырбайқызы, аға мейірбике Абдыкулова Жанат Жолдасбекқызы. Бөлімше қан алу залынан, плазмаферез залынан және қан компоненттерін өндіру кабинетінен тұрады.
 
 
 
 
 
 
 
Қан алу залында бір реттік гемакондарды пайдалана отырып донорлардан қан алу жүзеге асырылады.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Плазмаферез залында америкалық HAEMONETICS 2+ аппаратының көмегімен донорлық плазма және аферезді тромбоцит алу жүргізіледі.
 




 


  
 

 
 



 
 


 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 Қан дайындау бөлімшесі сонымен қатар:
- лейкофильтрленген эритроциттік масса
- лейкофильтрленген эритроциттік жүзінді
- жаңа мұздатылған плазма
- лейкофильтрленген жаңа мұздатылған плазма
- аферезді жаңа мұздатылған плазма
- вирустазартылған жаңа мұздатылған плазма
- вирустазартылған лейкофильтрленген аферезді тромбоциттер
- криопреципитат және т.б қан компоненттерін жасайды.
 


 
 

 


Бөлімше қазіргі заманға сай жаңа технологиялармен жабдықталған. Атап айтар болсақ:
- HAEMONETICS 2+ – плазма алуға арналғанаппараттарымен;
- HAEMONETICSMCS+  – тромбоцит және эритроцит алуға арналғанаппаратымен;
- SORVALL RC 3C plus; SORVALL 3BP+ ; CRYOFUGE 5500iiцентрифугаларымен; 
- INTERCEPT – плазма мен тромбоциттерді патогенинактивациялауға арналғанаппаратымен;
- TSCD II+ ассептикалық коннекторымен;
- Ламинарлы бокспен;
- T-ACEII+ автоматтандырылған плазмоэкстрактормен;
- Механикалық плазмоэкстракторлармен жабдықталған.

Қан комопненттерін карантиндеу, іріктеу, сақтау және өнімді жіберу бөлімшесі қан дайындау бөлімшесімен салалас. Бөлімшеде 7 мейірбике қызмет атқарады. Бөлімшенің аға мейірбикесі А.Жолмаханова. Бөлімше қан компоненттерін сақтауға арналған  бірнеше тоңазытқыштар және мұздатқыштармен жабдықталған. 
Плазмаларды 3 жылға дейін сақтай алатын модульді тоңазытқыш TELEDOR melle камерасымен жабдықталған.



 
 


Бөлімшедегі негізгі атқарылатын жұмыстар:
- Қан компоненттерін іріктеу; 
- Қан компоненттерінің дұрыс сақталуын қадағалау;
- Плазмаларды карантинге қою және уақытылы карантиннен шығару;
- Плазмаларды өңдеуге жіберу;
- ЕААҰ-нан түскен сұраныстарды қабылдау және дайын қан өнімдерін беру;
- Қан өнімдерінің облыс көлемінде тасымалдану ережелерін қадағалау.
 



 
Бұлардың барлығы қан орталығының науқастарды қауіпсіз қан және оның компоненттерімен 100% - ға қамтамасыз етудегі атқарылып жатқан жұмыстары . 


Қан және оның компоненттерін тасымалдау ережелері.

 

 

Емдеу-алдын алу ұйымдары (ЕААҰ) тасымалдаушылары үшін

 

1. Өнімді беру үшін тасымалдаушыда болу керек:

- медициналық қызметкердің сенімхатының жарамдылық мерзімі ағымдағы тоқсандыққа сәйкес болу керек; сенімхат алдын ала (күні бұрын) толтырылады;

- гемотрансфузиялық орталарды алуға өтінім ( тромбоциттік концентратқа өтінімді факспен растау);

- әр қайсысында бөлек термометрмен, нормативтік құжаттарға сәйкес сұраныстарымен гемотрансфузиялық орталарды бөліп сақтауға арналған контейнерлер.

2. Экспедитор өнімді берер алдында, тасымалдаушы оны алар алдында берілетін қан компоненттеріне макроскопиялық бағалау жасап, гемаконның бүтіндігін және маркасының дұрыстығын тексереді.

3. Қан компоненттерін салу және алу ең қысқа мерзім аралығында (15 мин.

дейін) жүргізілуі қажет.

 

Қан және оның компоненттерін тасымалдау.


1. Қан компоненттерін тасымалдау тек қана тасымалдау ережелерін қатаң сақтап, жауапкершілікпен атқаратын, оқытылған және дайындалған медицина қызметкерімен жүзеге асырылады.

2. 30 минутқа дейінгі аралықтағы тасымалдау барысы температурасы тұрақтылықпен жеткілікті қамтамасыз етілген кез келген контейнермен жүргізілуі мүмкін.

3. Ұзақтығы 30 минуттан асатын тасымалдау кезінде қан компоненттері изотермиялық контейнердің ішінде сақталуы тиіс (сумка-холодильник).

4. Ұзақтығы бірнеше сағаттарға жететін тасымалдау кезінде сонымен бірге қоршаған ортаның жоғары (20°С жоғары) немесе төмен (0°С төмен) температурасында мұзды элементтерді қолдану қажет.

5. Температураның салқындау тәртібімен (жазғы мезгілде) және температураның жылу тәртібін (қыс мезгілінде) қамтамасыз ететін, «салқындау тізбегі» сақталынған ішінде мұз элементтері бар термоконтейнерлермен қан компоненттерін тасымалдау автокөліктермен немесе басқа да қолайлы көліктермен келесі температуралық тәртіп бойынша жүзеге асырылады:

эритроцитқұрамды қан компоненттері үшін +2°С-тан +10°С-қа дейін;

жаңа мұздатылған плазма үшін -20°С-қа дейін терең мұздатылған тәртіппен;

тромбоциттік концентрат үшін +22°С-тан +24°С-қа дейін;

6. Қан компоненттері (эритроцит құрамды компоненттер, жаңа мұздатылған плазма, тромбоциттік концентрат ) температуралық тәртібі ескерілген маркіленген контейнерлермен, өнімдердің әр түрі бөлек-бөлек жіберіледі.

7. Тасымалдаудың соңғы кезеңінде тасымалдаушыдан өнімді қабылдаған ЕААҰ қызметкері температуралық тәртіпті бақылау үшін, әрбір термоконтейнерде температураны бақылау құралы ( термометр) болу керек.

8. Термоорауышты аралық зат қан компоненттерін мұз элементтерінен ажыратып тұру керек.

9. Қан компоненттерін сілкінуден, соғылудан, аударылудан және қызып кетуден, клеткалық компоненттерді мұздап кетуден сақтау керек.

10.Гемокомпоненттерді тікелей қаладан шығар алдында алу керек (аудандық ЕААҰ үшін).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Сайт президента Акимат Кызылординской области Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы Рухани Жаңғыру Digital Kazakhstan Egov