1 021

Қызылорда облысының сәбилер үйінің қызметкерлері донорлық қан тапсырды

26.01.2018ж. сәбилер үйінде «Донор күнін» ұйымдастырып, акция аясында қызметкерлер донорлық қан тапсырды.
Осындай қайырымдылық шараларын сәбилер үйі ұжымында он жылдан астам уақыт көлемінде өткізіп келеді. Акцияға қатысушылар өз еріктерімен донор ретінде қан тапсырып, мұқтаж жандарға көмектесуді мақсат еткен. Әлемді емес, бір ғана Қазақстанды алған күннің өзінде елімізде донорлық қанның жетіспеуінен қайтыс болатын науқастар саны аз емес. Ал, осы тектес шаралар қаншама жанның өмірін аман сақтап қалуға мүмкіндік береді десеңізші. Бұл өз кезегінде «қан тапсырушы донордың да ағзасына өте пайдалы». Ағзадағы қан жаңарып, ішкі органдарға, әсіресе, жүрекке игі әсерін тигізеді.


   

 

Донорларды жинақтау бөлімшесінің меңгерушісі: Р.К.Ермаганбетова

Сайт президента Акимат Кызылординской области Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы Рухани Жаңғыру Digital Kazakhstan Egov