4 311

Сапаны бақылау бөлімшесі

ҚР ДСМ 15.04.2019 жылғы №34 «Донорларды медициналық куәландыруға және медициналық қолдану үшін қан өнімдерін өндіру кезіндегі қауіпсіздікке және сапаға қойылатын талаптарды бекіту туралы» бұйрығына сәйкес қан өнімдеріндегі формалық элементтердің саны өте төмен немесе жоғары болған кезде оларды есептеу үшін, лейкофильтрленген қан өнімдеріндегі (эритроциттік масса, эритроциттік жүзінді, тромбоциттер концентраты) қалдық лейкоциттерді, плазмадағы қалдық жасушаларды анықтау, дің жасушаларын есептеу үшін ағынды цитометрия әдісі қолданылады. Облыстық қан орталығында дайындалатын барлық қан өнімдерінің сапасы автоматты ағынды цитофлюориметрмен тексерілуі тиіс.

 

 

Қызылорда облыстық қан орталығының сапаны бақылау бөлімшесіне 2017 жылы қан өнімдерінің сапасын анықтау мақсатында автоматты ағынды цитофлюориметр «BD FacsVia» жабдығы желтоқсан айында алынып, іске қосылды. Осы заманауи технология арқылы біз қан өнімдерінің сапасын анықтап, қанға мұқтаж науқастарды сапасы жоғары және қауіпсіз қан өнімдерімен қамтамасыз етеміз.

 

Cапаны бақылау бөлімшесінің аға фельдшер зертханашысы, жоғары санатты, білікті маман Тасымова Назира Ермакқызы автоматтандырылған ағынды цитометр «BD FacsVia» аппаратында қан компоненттерінің қалдық лейкоциттері мен қалдық жасушаларының көрсеткіштерін анықтауда.

 

 

Сапаны бақылау бөлімшесінің қызметкерлері уақытылы білімдерін жетілдіріп отырады. Оқу орталықтарында және шет мемлекеттермен тәжірибе алмастырып, жаңа технологиялар жайлы ақпараттар, жаңалықтар алып отырады. Қазіргі таңда бұл бөлімшедегі мамандар білікті, тәжірибелі, өз жұмысына жауапкершілікпен қарап қызмет көрсетуде.

 

 

 

 

 

 

Гематологиялық анализатор  

«Abacus Junior» гемоглобин, гематокрит көрсеткіштерін анықтауға арналған.

 

 

 

 

 

 

 

 

Сапаны бақылау бөлімшеснінің зертхана маманы Жайлауова Гүлназ Кеңесқызы қан компоненттерінің сапасын яғни гемоглобин, гематокрит көрсеткіштерін гематологиялық автоматты талдауышта зерттеуде.

 

 

 

Жартылай автоматтандырылған биохимиялық талдауыш

«АЕ-600» медициналық жабдығы.  

 

Сапаны бақылау бөлімшесінің фельдшер зертханашысы Қожанберген Мадина жартылай автоматтандырылған биохимиялық талдауыш «АЕ-600» жабдығы арқылы қан компонентінің қалдық ақуыз көрсеткішін анықтауда.

 Фотометр «HemoGue Plazma/Low» қан компоненттерінде бос гемоглобин көрсеткішін анықтауға арналған.

Сапаны бақылау бөлімшеснінің зертхана маманы Жайлауова Гүлназ Кеңесқызы қан компоненттеріндегі бос гемоглобин көрсеткішін анықтауда.

 

Сайт президента Акимат Кызылординской области Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы Рухани Жаңғыру Digital Kazakhstan Egov