Қазақстан Республикасы Қызыл Ай Қоғамы Қызылорда облыстық филиалы облыстық қан орталығымен бірлесіп 14 маусым – Халықаралық қан Доноры күніне орай акция ұйымдастырылады.
Осыған байланысты «Сіз не көмек бере аласыз?» «Қан тапсырыңыз. Қазір тапсырыңыз. Жиі тапсырыңыз» тақырыбындағы акцияға белсенді қатысып, донор бола алатыныңызды хабарлаймыз.
Аталмыш іс-шара 2017 жылдың 14 маусым сағ.9:00-де облыстық қан орталығында өткізіледі.
https://kyzylorda-news.kz/news/lifnews/15454-halyaraly-an-donory-knne-oray.htmlҚан – тіршілік нәрі. Ол өкпе арқылы өткенде оттегін іліп
алып, тіндер мен ағзаларға барғанда соны беріп, көмір қышқыл газын ілестіріп,
газ тыныспен сыртқа шығады.
Оттегімен қаныққан қанның түсі алқызыл болып келеді.
Эритроциттердің пошымы диск тәрізді. Дені сау адамның бір мм куб қанында 5 млн-ға жуық эритроцит болады. Эритроциттердің өмір сүру ұзақтығы 15-17 аптаға тең, яғни 4 айға жуық. Бұл адамның әрбір төрт ай сайын өз қанын жаңартып және құрамын жақсарта алады дегенді білдіреді. Қанның жаңа торшалары сүйек майында, ең бастысы омыртқада, қабырғада, жамбас пен табан сүйектерінде түзеледі.
Донор болған адамның қаны жаңарып, әрдайым жасарып тұрады. Бұл әрдайым есте болсын.