4 420

Қан туралы не білген жөн?

Қан – тіршілік нәрі. Ол өкпе арқылы өткенде оттегін іліп алып, тіндер мен ағзаларға барғанда соны беріп, көмір қышқыл газын ілестіріп, газ тыныспен сыртқа шығады.

Оттегімен қаныққан қанның түсі алқызыл болып келеді.

Эритроциттердің пошымы диск тәрізді. Дені сау адамның бір мм куб қанында 5 млн-ға жуық эритроцит болады. Эритроциттердің өмір сүру ұзақтығы 15-17 аптаға тең, яғни 4 айға жуық. Бұл адамның әрбір төрт ай сайын өз қанын жаңартып және құрамын жақсарта алады дегенді білдіреді. Қанның жаңа торшалары сүйек майында, ең бастысы омыртқада, қабырғада, жамбас пен табан сүйектерінде түзеледі.

Донор болған адамның қаны жаңарып, әрдайым жасарып тұрады. Бұл әрдайым есте болсын.

Сайт президента Акимат Кызылординской области Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы Рухани Жаңғыру Digital Kazakhstan Egov