« Мамыр 2022 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | ||||||
2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 |
16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 |
23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 |
30 | 31 |
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанадағы
трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығында «Бір тамшы қан бір адамның өмірін
құтқарады» атты акция басталды. Шараның басты мақсаты - өз еркімен қан
тапсырып, донор болатын адамдардың қатарын көбейту.
«Бүгін «Нұр Отан» партиясының қолдауымен
Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі ел Тәуелсіздігінің 25
жылдығына орай «Бір тамшы қан бір адамның өмірін құтқара алады» атты акция
басталды. Осы Қан орталығында (трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығында)
жылына 45 мың донор қан тапсырады. Күніне үш мың литр қан дайындаймыз. Біз
елордадағы 23 клиниканы донор қанымен қамтамасыз етіп отырмыз», - дейді орталық
директорының медициналық жұмыстар жөнiндегi орынбасары Шайжамал Мұсабекова.
Дәрігердің айтуынша, қан кетіп, өмір мен өлім арасында жатқан бір әйел адамды
құтқару үшін кемінде 10 адам қан тапсыруы керек.
«Орталыққа келіп, ерікті түрде қан тапсыратын донорларға айтар алғысымыз
шексіз. Расымен, бір адам келіп, бір тамшы қан тапсырса да, хал үстінде жатқан
адамның өмірін құтқаруға болады деген бір үміт пайда болады. Мысалы,
онкогематология орталығы эритроциттер мен плазманы (қан түйіршіктері)
қоспағанда, тромбоциттердің 5 дозасына мұқтаж. Осы орталықтағы адамның халі
нашарлап қан кетсе, кемінде бір литр плазма керек болады. Яғни, кемінде бес
адам донор болуы керек. Ал, әртүрлі жағдайда, мысалы, босанып болмаса,
жарақаттанып, қан кеткен әйел адамды аман алып қалу үшін кемінде 10 адам қан
тапсыруы керек. Яғни, донордың көмегі күн сайын ауадай қажет»,-дейдіШ.Мұсабекова.
Кез келген донордың қанында жарамдылық мерзімі болады, сондықтан, Ш.Мұсабаева
донорларға, әсіресе, жастарға бір тапсырғанда 450 мл қан тапсыруға болады деп
кеңес беріп отыр. Біріншіден, қан ескіріп кетпейді, екіншіден, бұл мөлшер
денсаулыққа мүлде зиян емес екен.
Ал, бүгінгі акция аясында шамамен жүз адамнан артық донор қан тапсырылады деп
жоспарланды. Тіпті, жәй күндердің өзінде 100-120 адам қан тапсырып кетеді екен.
Оның үстіне, Қан орталығының мамандары аптасына төрт рет кәсіпорындар мен
кеңселерге барып, ерікті донорлардан қан жинап кетеді. Міне, Қан орталығы неше
түрлі дертке шалдыққан адамдардың өмірін құтқару үшін осылай да донорлардан қан
жинайды.
http://inform.kz/kaz/article/2867661
Ол үшін
Алматы өңірлік гарнизонының әскери полиция жасағына қалалық қан банкісін
толтыру үшін Алматы қалалық қан орталығынан медициналық мамандар тобы келді.
Одан басқа, қан құю бойынша ем-шара аяқталғаннан кейін қалалық қан орталығының
мамандары донорларға арналған бірқатар пайдалы зерттеулер жүргізеді. Бұл әрі
қарай қажет болған жағдайда қан доноры болып қалуға мүмкіндік береді. ҚР ҚК-нің
әскери қызметшілері ұдайы негізде Қазақстанда донорлықты дамыту ісінде
өздерінің үлестерін қосып жатқанын және қазіргі уақытта донорлық қанға өте
мұқтаж жандарға көмектесіп жатқанын айта кетейік. Мұндай іс-шаралар Қазақстанның
Қарулы Күштерінде қалыптасқан ахуалды өзгерту үшін он жылдан астам уақыт бойы
жарты жылда бір рет өткізіліп тұрады. Шамамен 4 ай бұрын донорлық қан тапсыру
бойынша қайырымдылық акцияны ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысы
басқармасы, 657-қамтамасыз ету комендатурасы мен 21140-Б әскери бөлімінің
әскери қызметшілері өткізді. Жалпы алғанда, әскери қызметшілер шамамен 30 литр
қан тапсырды.
Қан тапсыру донор үшін ешқандай зиянды салдары жоқ. Керісінше, қанның белсенді
жаңаруына, жүрек қан тамыры жүйесі мен ішкі органдар жұмысының жақсаруына әсер
етеді.
Республикалық қан орталығының
қызметкерлері құқық қорғау органдары жұмыскерлерінің қызметі қауырттығын ескере
отырып, жылжымалы зертхананы тура ІІД ғимаратының алдында құрды.
Қатардағы қызметкерлерден бастап, басшылық өкілдері де таңнан кезекке тұрып,
қан тапсырды.
«Біз азаматтардың бостандығы мен конституциялық құқықтарын қорғауға ант
бергенбіз. Бүгінгі акцияны алға қойған міндеттерімізді орындау болып табылады.
Бірінші кезекте мұқтаж адамға қол созу жеке құрамды тәрбиелеудің бір тетігі.
Біздің қатарымызда тепсе темір үзетін жігіттер барын ескерсек, біз мұқтаж
адамдарға қан беруді дәстүрлі түрде жалғастыратыныз анық», - деді ІІД өкілі
Жандос Мұраталиев.
9-15 қараша аралығында елімізде қауіпсіз жол қозғалысы апталығы басталды. Осы
апталық аясында Алматыда түрлі шаралар өткізіліп жатыр.
Автор:Гүлмира Ғосманәли
Орал қалалық ішкі істер басқармасы әкімшілік полиция бөлімінің инспекторы, полиция капитаны Динара Әбділқалықованың айтуынша, таңғы сағат 09.00-ден бастап шараға жүз шақты полиция қызметкері қатысты. Бұдан түскен қаржы ауыр науқасқа шалдыққан балаларға қолұшын беретін «Жұлдыз» қорына аударылады. Ал қан жол-көлік оқиғалары салдарынан зардап шеккен адамдарға арналады. Полиция қызметкерлері арасында мұны азаматтық борышы ретінде сезініп, жылына бірнеше рет қан тапсыратындар да бар.
Аталмыш шара Дүниежүзілік жол апатынан қаза болғандарды еске алу күні қарсаңында жыл сайын ұйымдастырылып келеді.
Айта кетейік, Орал қаласының өзінде биылғы он айда 239 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, соның салдарынан 27 адам қаза тапса, 264-і түрлі жарақат алды.
Автор:Елжан Ералы
http://inform.kz/kaz/article/2838908