1 091

Оралдық сақшылар жаппай қан тапсырды (ФОТО)

ОРАЛ. ҚазАқпарат - 13 қараша күні Орал қаласындағы облыстық қан орталығында кең ауқымды «Қауіпсіздік апталығы» республикалық акциясы аясында оралдық сақшылар «Жүректен жүрекке» атты шараға қатысып, жаппай қан тапсырды.

Орал қалалық ішкі істер басқармасы әкімшілік полиция бөлімінің инспекторы, полиция капитаны Динара Әбділқалықованың айтуынша, таңғы сағат 09.00-ден бастап шараға жүз шақты полиция қызметкері қатысты. Бұдан түскен қаржы ауыр науқасқа шалдыққан балаларға қолұшын беретін «Жұлдыз» қорына аударылады. Ал қан жол-көлік оқиғалары салдарынан зардап шеккен адамдарға арналады. Полиция қызметкерлері арасында мұны азаматтық борышы ретінде сезініп, жылына бірнеше рет қан тапсыратындар да бар.

Аталмыш шара Дүниежүзілік жол апатынан қаза болғандарды еске алу күні қарсаңында жыл сайын ұйымдастырылып келеді.

Айта кетейік, Орал қаласының өзінде биылғы он айда 239 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, соның салдарынан 27 адам қаза тапса, 264-і түрлі жарақат алды.





Автор:Елжан Ералы

 

http://inform.kz/kaz/article/2838908

 

 

Сайт президента Акимат Кызылординской области Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы Рухани Жаңғыру Digital Kazakhstan Egov