973

Алматылық полицейлер жол апатынан жапа шеккендерге көмек ретінде қан тапсырды (ФОТО)

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы полициясы «Өзгелердің өмірін сақта!» акциясын өткізді. Бір мезетте 40 полицей жол апатынан жапа шеккендерге көмек ретінде қан тапсырды.

Республикалық қан орталығының қызметкерлері құқық қорғау органдары жұмыскерлерінің қызметі қауырттығын ескере отырып, жылжымалы зертхананы тура ІІД ғимаратының алдында құрды.

Қатардағы қызметкерлерден бастап, басшылық өкілдері де таңнан кезекке тұрып, қан тапсырды.

«Біз азаматтардың бостандығы мен конституциялық құқықтарын қорғауға ант бергенбіз. Бүгінгі акцияны алға қойған міндеттерімізді орындау болып табылады. Бірінші кезекте мұқтаж адамға қол созу жеке құрамды тәрбиелеудің бір тетігі. Біздің қатарымызда тепсе темір үзетін жігіттер барын ескерсек, біз мұқтаж адамдарға қан беруді дәстүрлі түрде жалғастыратыныз анық», - деді ІІД өкілі Жандос Мұраталиев.

9-15 қараша аралығында елімізде қауіпсіз жол қозғалысы апталығы басталды. Осы апталық аясында Алматыда түрлі шаралар өткізіліп жатыр.







Автор:Гүлмира Ғосманәли

http://inform.kz/kaz/article/2838946

Сайт президента Акимат Кызылординской области Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы Рухани Жаңғыру Digital Kazakhstan Egov