6 515

Донорлық қан үлгілерін инфекциялық маркерлерге зертханалық талдау


Облыстық қан орталығының инфекцияларға диагностикалау зертханасында донорлық қан және оның өнімдерінің инфекциялық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің барлық жолдары қарастырылған. Донация кезінде алынған қан үлгілеріинфекциялық маркерлеріне екі кезеңде жабық үлгідегі автоматтандырылған талдауыштармен тексеріледі. I-кезеңде донорлық қан үлгілері  АИТВ-1, 2, ВВГ, СВГ, мерез маркерлерінің бар болуына иммуноферменттік (ИФТ), иммунохемилюминесценттік талдау(ИХЛТ) әдістерімен зерттеледі. II–кезеңде донорлық қан үлгілеріне РНК АИТВ-1,2, СВГ және ДНК ВВГ молекулярлық-биологиялық зерттеу (нуклеин қышқылдарын тестілеу әдісі, мультиплекс талдау әдісі). Зерттеулергежоғары сезімтал Аbbott, BIO-RAD және Roche өндірушілерінің тест-жүйелері пайдаланылады. 
Қымбат бағалы жабдықтарды және барлық әлемдік стандарттарға сәйкес келетін жоғары сападағы диагностикумдарды пайдалану арқылы зерттеулердің жоғары дәлдігі мен дұрыстығы қамтамасыз етіледі.

Инфекцияларды диагностикалау зертханасының зертхана маманы    
Алмагүл Оралбайқызы БЕКСЕИТОВА








 
 
 
 
 
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                            Қан тапсырудың пайдасы


 

Қан қызметі денсаулық сақтау ісінің бірден бір маңызды бөлігі. Соңғы онжылдықта қан компоненттеріне сұраныс көбейіп ақысыз донор болу мәселесі өзекті болып отыр. Біздің қан орталығымызда қан компоненттерін дайындау тек қажеттілігіне сәйкес жасалады. Біз донор қанын оңтайлы қолданамыз. Бүгінгі таңда емдеу мекемелерін донор қанмыен толық қамтамасыз етіп отырмыз. Қазіргі таңда негізгі акцент сапаға бөлінеді. Қан компоненттерінің қауіпсіздігінің дұрыс жолға қойылып тұрғаны соңғы үлгідегі, дүниежүзілік стандартқа сай жабдықтарды пайдалану және «белсенді», «қайталап тапсырған» адамдардың донор болуы себебінен.

Донорлардың айрықша санаты қан қызметіндегі персоналдың арасынан шыққан донорлар. Осы адамдардың шұғыл жағдайда бірінші болып үн қосқаны, бірінші болып қол ұшын бергені қан қызметін қадірлеуді, қан қызметіне деген сенімді арттырады.

Әрбір адам өмірінде бір рет донор болуы тиіс, себебі өз денсаулығы жайында мәліметті ақысыз түрде алады. Мысалы АҚТҚ, гепатит В, гепатит С, мерездің таңбалағыштарының өз қанының құрамында бар жоғын анықтау орта есеппен бір айлық еңбекақы көлемінде болады. Оған қоса мәліметтер құпия сақталады.

Тағы бір айта кететін жағдай егер донор болсаңыз, онда өзіңізе және жақын туыстарыңызға қажеттілік туындаған кезде қан компоненттерін алуға кепілдеме беріледі.

Донор болудың ешқандай зияны жоқ. Қан тапсыру барысында қолданатын шығын материалдар бір реттік, олар дәл қан тапсыру алдында жаңадан ашылады.

Қан тапсырған кезде ағзада регенерация үдерістерінің өтуіне байланысты ағза жасарады. Донор болу жүрек-қан тамырлар ауруларының алдын алуға көмектеседі, иммундық жүйе жұмысын жақсартады.

Мысалы, көп қан кеткен жағдайда, ешқашан қан тапсырмаған адамнан - донордың тірі қалуға мүмкіндігі көптеу, себебі оның ағзасы қан жоғалтып үйренген.

«Қан қажет болған адамға тек өзінің туысқандары, достары көмектеседі» деген ой – қате, кейбір жалғыз басты адамдарға немесе жақын арада көшіп келген адамдарға кім көмектеседі? Ешбір адам алдында не күтіп тұрғанын білмейді, оқыс жағдай туындамайтынына ешкім кепіл бере алмайды.

«Кімде-кім адамның өмірін сақтап қалса, ол барлық адамзаттың өмірін сақтағанмен бірдей» - деген ислам ғұламасы М.С. Рамазан Бути. Сондықтан өтеусіз донация қәзіргі кезде адамгершілікті ардақ тұтқан адамның қажеттілігі болып табылады.

 Лаззат ЖҰМАШ,

жұқпаларды нақтылау бөлімшесі

 
 
 











Сайт президента Акимат Кызылординской области Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы Рухани Жаңғыру Digital Kazakhstan Egov