839

Өткен жылы 45 мың астаналық қан доноры болған

Астана. 5 ақпан. Baq.kz - Өткен жылы Астанадағы Қан орталығында ерiктi түрде қан тапсырған донорлар саны 45 мың адамды құрайды. Бұл жөнiнде бүгiн елордадағы Трансфузиология ғылыми-өндiрiстiк орталығында ел Тәуелсiздiгiнiң 25 жылдығына орай қР Денсаулық сақтпу және әлеуметтiк даму министрлiгiмен бiрлесiп "Нұр Отан" партиясының ұйымдастыруымен өткен "Бiр тамшы қан - сақталған өмiр" акциясы барысында орталық директорының медициналық жұмыстар жөнiндегi орынбасары Шайжамал Мұсабекова мәлiмдедi.

"Бүгiнгi акцияны өткiзу ақысыз негiзде ерiктi донорлықты дамытуға ықпал етедi. Жалпы, донор болу 1900 жылдан берi қалыптасқан деп сенiмдi айтуға болады. Жыл сайын бiздiң Қан орталығында 45 мыңнан астам донор қан тапсырады. Тапсырылған қан емханалардың сұранысын қанағаттандыруға жетедi. Бiз қаладағы 23 клиникаға қызмет көрсетемiз. Барлық трансплантация, жүрекке жасалған ота, босану кезiнде қан құйылады", - дед ол.
Ш.Мұсабекова өз сөзiнде ерiктi түрде қан тапсырып, осы әрекетi арқылы азаматтардың аман қалуына үлес қосып жатқан донорларға ризашылығын жеткiздi.
"Өздерiңiз бiлетiндей, Ана мен бала орталығында лейкоз ауруына шалдыққан балалар өте көп. Онкомгемотология орталығы күн сайын тромбоциттердiң 5 дозасын ауыстыруды қажет етедi. Бiр адамнан алынатын 450 мл қаннан 200 плазма, 250 мл эритроцит аламыз. Бiз бүгiн 45 мың донормыз бар деп бей-жай отыра алмаймыз. Себебi, қанның жарамдылық мерзiмi бар. Сондықтан, қанды тұрақты түрде жаңартып тұруымыз қажет. Сондықтан, бiз ел азаматтарын қан тапсыруға шақырамыз. 450 мл көлемiнде қан тапсыру адам денсаулығына керi әсер етпейдi", - дедi директордың орынбасары.
"Бүгiнгi акцияға кем дегенде 100 адам қатысады деп күтудемiз. Негiзi, күн сайын орталыққа 100-120 адам қан тапсыруға келедi. Әрi десе, бiз көшпелi акциялар ұйымдастырып, донорлардан қан аламыз. Бiз күнiне 3 мың литр қан аламыз. 2015 жылы орталықта жалпы 39 мың литр қан тапсырылған. Ал донорлар саны шамамен 35 мың адамды құрайды. Жалпы донация саны 45 мың. Яғни, бiр рет қан тапсырған азамат бiрнеше рет донор бола алады. Олардың 50%-ға жуығы тұрақты донорлар болып табылады. Жыл сайын донор болуға ниет бiлдiрiп, қан тапсырып жатқандар саны артып келедi. Әсiресе, жастар белсендiлiгi ұлғаюды. Әрине, бiз оны таза қан түрiнде емес, қан құрауыштары, яғни, плазма, эритроцит, тромбоцит түрiнде құятынымызды да ескеру керек", - дедi дәрiгер.


https://baq.kz/kk/news/ult-sauligi/otken-zhili-45-min-astanalik-kan-donori-bolgan-79194

Сайт президента Акимат Кызылординской области Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы Рухани Жаңғыру Digital Kazakhstan Egov