998

«Бауырыңа өмір сыйла» атты қайырымдылық акция.

              

 «Бауырыңа өмір сыйла» атты қайырымдылық акция.

Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының филиалы, Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт – Сырдария» мешітінде, 22.04.2016ж. жұма намазы күні ауыр халдегі бауырларымызға қан тапсыруға бағытталған «Бауырыңа өмір сыйла» атты қайырымдылық акциясы ұйымдастырылып, 50 адам донорлық қан тапсырды.

 Аллаһ Тағала Құран Кәрім сүресінде адам өмірінің құндылығын атап көрсеткен, яғни қан беру – садақаның абзалы, әрі ең қайырымды іс.

Ажал аузында жатқан науқас жанға бір тамшы қанмен оның өмірін аман алып қалу, бүкіл адамзатты құтқарғанмен тең дәрежедегі ізгі амал болып табылады.

 Ізгілігі мен сауабы мол шара ұйымдастырғаны үшін, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қызылорда облысы бойынша өкілі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің Бас имамы Талғат Сейіткәрімұлы Омаровты Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы атынан алғыс хатпен марапатталды.

               

Донорларды жинақтау бөлімшесінің меңгерушісі Р.К.Ермаганбетова

Сайт президента Акимат Кызылординской области Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы Рухани Жаңғыру Digital Kazakhstan Egov