752

Қазақстанда Денсаулық фестивалі басталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстанда Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары орталығының ұйымдастырушылық-әдістемелік қолдауымен «Біз салауатты өмір салтын қолдаймыз!» атты ұранмен Денсаулық фестивалі басталды. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінен хабарланды.

 

Шараның мақсаты - дене шынықтыру белсенділігін арттыру және дұрыс тамақтану талаптарын сақтай отырып, жаман әдеттерден арылу арқылы қоғам назарын денсаулықты сақтау мен оны қорғаудың ортақ жауапкершілігіне аудару.

«Денсаулық фестивалінің аясында алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарында ашық есік күндері өтеді. Осы ретте адамдар көп шоғырланған жерлерде салауатты өмір салтының әр түрлі бағыттары бойынша терапевтер, педиатрлар, жалпы практика дәрігерлері, эндокринологтар, пульмонологтардың тегін консультациясы көрсетілетін «денсаулық қалашығы» құрылады; жастар мен жасөспірімдер арасында «Біз денсаулығымызды бағалаймыз!» атты тақырыпта түрлі байқаулар мен флешмобтар, спорттық іс-шараларды өткізу жоспарланып отыр»,-делінген ведомство хабарламасында.

Денсаулық фестивалі аясында өткізілетін шаралар иммунитеттің тұрақты болуына, жұқпалы, жүрек-қантамырлары ауруларының, тұмаумен сырқаттану қатерлерін азайтуға, өмір сүру ұзақтығын ұлғайтуға, еңбек өнімділігін арттыруға, жалпы өзін-өзі жақсы сезінуге ықпал етеді.

Атап айтқанда, денсаулық фестивалі 11 маусым күні Астана уақытымен сағат 11:00-де республика тұрғындарының қатысуымен бір сәттік «Денсаулық марафоны» шарасымен аяқталмақ.

 

Автор:Руслан Ғаббасов

http://www.inform.kz/kaz/article/2911269

Сайт президента Акимат Кызылординской области Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы Рухани Жаңғыру Digital Kazakhstan Egov