914

ҚР Президенті ШҚО қан орталығы қызметкерлерімен кездесті

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысына сапары аясында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев облыстық қан орталығында болып, мекеме қызметімен және жаңа медициналық жабдықтармен танысты. Ол қан донациясы мен компоненттерінің сапасын автоматтандырылған зертханалық бақылауды енгізуге мүмкіндік береді.

Қазақстан Президенті орталық қызметкерлерімен де әңгімелесті және қаланың медициналық мекемесі қажетті емханалық және диагностикалық жабдықтармен қамтамасыз етілетінін атап өтті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Нұрсұлтан Назарбаев ұжымға бұдан әрі табыстар және қызмет нәтижесін арттыруға тілектестік білдірді.

Өз кезегінде, мекеме қызметкерлері медицина саласына дәйекті қолдау көрсетіліп отырғаны үшін алғыс айтты.

Облыстық қан орталығы қан донорлығы мен оның компоненттерін ұйымдастыруды қамтамасыз етеді. Мекеменің жобалық қуаты жылына 24000 литр қанды құрайды.

http://www.inform.kz/kaz/article/2919794

Сайт президента Акимат Кызылординской области Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы Рухани Жаңғыру Digital Kazakhstan Egov