843

Н. Назарбаев донор болуға тілек білдірген әскери қызметшілерге алғыс білдірді

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Өскеменде жаңа Қан орталығына барған Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осы күні донор ретінде қан тапсырған әскери қызметшілермен кездесті.

Н. Назарбаев әскери қызметшілер қан тапсырғаннан кейін демалыс залында олармен әңгімелесті.

Лейтенант Олжас Әбеновтің басшылығымен 27943-ші әскери бөлімнің қатардағы сарбаздары Мемлекет басшысына кез келген сәтте Отанын қорғауға, егер қажет болса, Отан үшін жан беруге әзір екендіктерін айтты.

«Бұл дұрыс, алайда денсаулықтарыңды сақтау қажет. Қазірдің өзінде қан тапсырып, талай науқастың өмірін сақтап қалып отырсыңдар, - деп атап өтті Нұрсұлтан Әбішұлы. Жас әскери қызметшілермен ашық әңгіме барысында Ақтөбедегі оқиға да сөз болды. Қазақстан Президенті еш жазығы жоқ мыңдаған бейбіт тұрғындардың қазасына себеп болып отырған күллі әлемдегі мағынасыз қарулы соғыс жайлы ескертіп өтті.

«Қазақстанға тыныштық пен бейбіт өмір керек. Елдің тыныштығын бұзатын кез келген лаңкестің көзін аяусыз жоятын боламыз. Біздің әскер тұрақтылықты қорғайды».

Мемлекет басшысы жігіттерге, олардың ата-аналары мен отбасыларына мықты денсаулық тіледі.

Еске салсақ, бүгін сапары аясында Қазақстан Президенті жұмысымен танысқан облыстық қан орталығы бірнеше ай бұрын пайдалануға енгізілген. Ол Президенттің «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы аясында салынды.

ШҚО қан орталығы еліміздің ең заманауи қан орталығының үштігіне енді. Жобаның сметалық құны - 3,6 млрд. теңге. Оның жартысы әлемдік деңгейдегі заманауи медициналық жабдықты сатып алуға, орнатуға жұмсалды. Қуаты - жылына 25000 литр қан. Жоғары технологиялық жабдық қанның барынша кең компоненттер спектрін алуға мүмкіндік береді.

Орталық қызметкерлерінің саны - 236. Жетекші мамандар АҚШ, Ресей, Израиль, Германия жетекші қан банктерінде тағылымдамадан өтті.

Қысқа уақытта жаңа орталықтың жұмысы кезінде донор қаны 4,7 мыңнан астам адамның өмірін сақтауға жәрдемдесті.


 

http://www.inform.kz/kaz/article/2919875

Сайт президента Акимат Кызылординской области Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы Рухани Жаңғыру Digital Kazakhstan Egov