1 249

Қызылорда облыстық прокуратурасының акциясы

Қызылорда облысының прокурорлары донорлық қан тапсырды

09.07.2016ж. сенбі күні облыстық прокуратурада «Донор күнін» ұйымдастырып, акция аясында 40 қызметкері донорлық қан тапсырды. Донорлық акция облыс прокуроры Халидулла Зиноллаұлы Дауешовтың басшылығымен және кадр бөлімінің басшысы Исламбек  Тынарбайұлы Төлегеновтың ұйымдастыруымен өтті.     
       Мұндай қайырымдылық шараларын облыс прокурорлары он жылдан астам уақыт көлемінде өткізіп келеді. Акцияға қатысушылар өз еріктерімен донор ретінде қан тапсырып, мұқтаж жандарға көмектесуді мақсат еткен, соның ішінде облыс прокурорының орынбасары Руслан Жоламанұлы Райханов донорлық қанды бірнеше рет тапсыруда. Әлемді емес, бір ғана Қазақстанды алған күннің өзінде елімізде донорлық қанның жетіспеуінен қайтыс болатын науқастар саны аз емес. Ал, осы тектес шаралар қаншама жанның өмірін аман сақтап қалуға мүмкіндік береді десеңізші. Бұл өз кезегінде «қан тапсырушы донордың да ағзасына өте пайдалы». Ағзадағы қан жаңарып, ішкі органдарға, әсіресе, жүрекке игі әсерін тигізеді.

 

 

          Донорларды жинақтау бөлімшесінің меңгерушісі  Р.К.Ермаганбетова


 










Сайт президента Акимат Кызылординской области Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы Рухани Жаңғыру Digital Kazakhstan Egov