1 346

Қызылорда қаласындағы «Ел-Арай» қоғамдық қорының еріктілерімен "Өзгелерге өмір сыйла" жобасы бойынша 03.10.2016 жылы акция өткізілді.

«Ел-Арай» қоғамдық қорының қызметі қайырымдылық және әлеуметтік маңызы зор жобаларды іске асыруға бағытталған. Қазіргі таңда Қызылорда облысы бойынша бірнеше жобаларды жүзеге асыруда. Сол жобалардың бірі, "Өзгелерге өмір сыйла" атты қан өткізу акциясы.

Елімізде донорлар саны аз екені белгілі, осыған байланысты акцияның мақсаты донор болуды азаматтарға үйрету, және донор болудың арқасында қаншама адамды ажал аузынан алып қалуға болатындығын түсіндіру.

Осыған орай «Ел-Арай» қоғамдық қоры еріктілері қан өткізу акциясын ұйымдастыруды жоспарлы түрде өткізіп акция аясында 40 ерікті жандар донорлық қан тапсырды.

«Ел-Арай» қоғамдық қорының қызметкерлері осындай акцияны жылына бір рет ұйымдастырып отырады, сондықтан қызылорда облыстық қан орталығы қайырымдылықты дамытуға көрсеткен әрбір қолдауына алғыс пен ризашылығымызды білдіреміз.

 

Донорларды жинақтау бөлімшесінің меңгерушісі Р.К.Ермаганбетова

Сайт президента Акимат Кызылординской области Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы Рухани Жаңғыру Digital Kazakhstan Egov