874

«Қан тапсыр – өмір сыйла»

05.10.2016ж. КМФ банк қызметкерлерінің қатысуымен облыстық қан орталығында «Қан тапсыр – өмір сыйла» атты акция өткізілді. Акция аясында қан компонентін тапсыруға келген 30 қызметкердің тек 18 ғана қан тапсыруға жіберілді қалған қызметкерлер түрлі себептермен шеттетілді. Қан және оның компоненттеріне зәру науқастардың тағдырына немқұрайды қарамайтын банк қызметкерлері осы іс – шараға белсенді түрде қатысты. 
Айта кету керек, қазіргі уақытта Қазақстандағы қан құю қызметі ерікті қан тапсырушылар көмегіне зәру болып отыр және осындай мақсаттағы қоғамдық қозғалысты дамытуға қолдау жасауды қажет етеді. Бүгінгі күні еліміз бойынша донорлар саны орта есеппен алғанда 1000 тұрғынға шаққанда 18 адамнан келіп отыр. Акция шеңберінде жиналған қан облысымыздың барлық медицина мекемелеріне ауыр науқастарға көмек ретінде жіберіледі. Облыстық қан орталығының әкімшілігі қан тапсыруда көрсеткен белсенділіктері үшін КМФ банк қызметкерлеріне ризашылық білдіреді.

           

                       Донорларды жинақтау бөлімшесінің меңгерушісі Р.К.Ермаганбетова

Сайт президента Акимат Кызылординской области Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы Рухани Жаңғыру Digital Kazakhstan Egov