914

«Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес компаниясын өткізу туралы» акция.

16.11.2016ж.  Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы  күрес  кампаниясын өткізу  аясында облыстық қан орталығы мен ҚР Қызыл Ай Қоғамы Қызылорда облыстық филиалы бірлесе отырып акция өткізді.

Акция барысында облыстық қан орталығының ЖИТС-ке жауапты дәрігері Р.К.Ермаганбетова осы акцияға донорлық қан тапсыруға келген оқу орындарының жастарына Дүниежүзілік  кампанияның  өткізілуінің  маңыздылығы туралы, ЖИТС–ке қарсы күрес күніне арналған іс-шаралар мен акцияларды өткізу – азаматтарды, бірінші кезекте жастарды өз денсаулығы үшін қамқорлық пен ынтымақтастық жауапкершілікке бағыттаудың, АИТВ – вирусын жұқтырмаудың алдын алу жолдарын білуді жоғарылатудың тағы да бір мүмкіндігі болып есептелетінін түсіндірді.

АИТВ/ЖИТС мәселесіне әсер ете алатын жастар назарын аудару,  айлық мақсаты мен ұранын түсіндірді.

Акцияға жастар оның ішінде облыстық медицина колледжінің студенттері де ат салысты.

Акция аясында  20 ерікті жандар донорлық қан тапсырды.


Ауыр халде жатқан науқастарға қан тапсырған донорларға қызыл ай қоғамы ұжымы «Қан тапсыр- өмірді құтқар» білезігін таратты. 

Донорларды жинақтау бөлімшесінің меңгерушісі Рыскуль Кенесарыевна Ермаганбетова

Сайт президента Акимат Кызылординской области Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы Рухани Жаңғыру Digital Kazakhstan Egov