1 200

2016ж. қараша айында Қызылорда облыстық қан орталығында «Трансфузиялық терапияның аудиті және гемотрансфузиялық инфекцияның алдын алу шаралары» тақырыбында облыстық семинар өткізілді.

Облыстық семинарға облыстың барлық ауруханалары мен емханалардың бас дәрігердің орынбасарлары, трансфузиология кабинеттерінің жауапты дәрігерлері мен эпидемиологтары қатысты.

Облыстық семинарды орталықтың директоры Еркебай Ілиясұлы Аяпов ашып беріп, өз сөзінде қан қызметінің негізгі міндеттері мен функцияларына және трансфузиялық терапия қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ұйымдастыру жұмыстарына тоқталды.

Семинар жұмысына қатысушылары Қазақстан Республикасының қан қызметінің жұмысын реттейтін негізгі нормативтік құқықтармен танысты.


Тыңдаушылардың назарына донорларды жинақтау бөлімшесінің меңгерушісі Рыскул Кенесарықызы Ермаганбетованың «Трансфузиялық терапияның аудиті» атты баяндамасы ұсынылды.

Бағдарлама шеңберінде семинар қатысушылары донорлық қанды індет маркеріне скринингілеу стандартымен және басқа да Қазақстанда заманауи қан қызметінің даму бағыттарымен танысуға мүмкіндікке ие болды:

·Қанды, оның компоненттері мен препараттарын құю үшін медицина ұйымдарына тасымалдау талаптарға сәйкес жеткізілуі;

·Қанды, оның компоненттері мен препараттарын құюды медицина ұйымдарына бірінші басшысының бұйрығымен трансфузиялық терапияны жүргізуге рұқсат берілген дәрігер жүргізетіні;

·Трансфузияға орталықтандырылып дайындаған кезде трансфузиялық ортаны дайындауды (еріту мен жылыту) және трансфузия орнына жеткізуді арнайы қызмет трансфузиология кабинеті персоналы жүзеге асыруы;

·Қанды, оның компоненттері мен препараттарын негіздеу және ресімдеу тәртібі және жұмыс барысындағы қолданылатын стандартты операциялық рәсімдер жайлы облыстық медицина орталығы трансфузиология кабинетінің дәрігер трансфузиологы Әлия Варленқызы Исаева тоқталып өтті

Қан компоненттерінің құюдың алдында реципиент АИТВ, В және С гепатиттері трансмиссиялық инфекциялар маркерлеріне тексеріледі, ал емдеу аяқталғаннан кейін шығару эпикризінде АИТВ-ға, В және С гепатиттеріне тұрғылықты жері бойынша қайта тексеріп-қараудың қажеттігі көрсетілуі жайлы ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталықтың маманы Зарема Якубовна Бекенеева жұмыс барысындағы пікірімен бөлісті.

 

Сайт президента Акимат Кызылординской области Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы Рухани Жаңғыру Digital Kazakhstan Egov