1 285

Қанмен тасымалданатын (гемотрансмиссивтік) “жаңа” жұқпалар және олардың алдын алу

Гемотрансмиссивтік жұқпалар маркерлеріне арналған донор қанының зертханалық скринингіндегі елеулі өркендеуге қарамастан бұл жұқпалардың берілу қауіпі дамыған елдерде де, сондай-ақ дамушы елдерде де сақталып отыр. Қауіп "дәстүрлі” вирустарда да, сонымен бірге жаңа Батыс Ніл вирусында да, І типтегі лимфотроптық вируста да (HTLV-1), 8 типтегі қарапайым герпес вирусында да, G гепатиті, ТТ вирусында да бар. Батыс Ніл вирусы – флавивирус. Таратушысы – орнитофильдік масалар. Олар құстарға, жылқыларға және басқа сүт қоректілерге вирус таратады (сурет).
Вирустың берілуі Африкада, Жерорта теңізі елдерінде және Европада аңғарылған. Батыс Ніл қызбасының жоғары дене қызуымен, бұлшықеттер мен буындардағы ауырумен және басқа да тұмауға ұқсас симптомдармен өтетінін айтқан жөн. Ол кейде орталық нерв жүйесін зақымдап, энцефалитке өтеді, ауыр жағдайларда өліммен аяқталады. Россияда Батыс Ніл қызбасының эпидемиялық өршуі 1999 жылы тіркелген. Қазіргі кездегі халықаралық қатынас жиілеген кезде елімізге де бұл вирустың таралуы ғажап емес. Дерттің жиі кездесуі шілде-тамыз айларына тура келеді.
Батыс Ніл вирусын донорлық қанда полимераздық тізбектік реакция тәсілімен анықтайды. Оны донор қанының құрамдас бөлігі – плазмада инактивациялау немесе вирусты элиминациялау тиімді.
Ол үшін:
- метилен көгімен өңделген плазманы көзге көрінетін жарықпен сәулелендіру;
- псораленмен өңделген плазманы ультракүлгінмен сәулелендіру;
- рибофлавинмен өңделген плазманы ультракүлгінмен сәулелендіру;
- плазманы қыздыру;
- наносүзгілеу керек.
Одан басқа плазма пулдарын вирусқа қарсы өңдеудің плазма препараттарын өндіретін заводта қолданатын тәсілдер ойланып табылған:
1) "ертінді / детергент” әдісімен өңдеу;
2) пастеризациялау.
Демек, реципиенттердің Батыс Ніл вирусымен және басқа вирустармен жұқпалануының алдын алу үшін донорларды ыждағаты таңдаумен (сауалнама жүргізу, дәрігерлік тексеру) қатар құюға арналған донорлық қан плазмасын алу практикасына вирустарды инактивациялау тәсілін енгізген жөн.
 
Еркебай Ильясұлы АЯПОВ,
"облыстық қан орталығы”,
трансфузиолог дәрігер
 
(Сурет "Интернеттен” алынып қайта өңделді)

Дереккөз: http://med-kz.ucoz.com/publ/d_riger_ma_alalary/qanmen_tasymaldanatyn_gemotransmissivtik_zhana_zhuqpalar_zhane_olardyn_aldyn_alu/2-1-0-136
Сайт президента Акимат Кызылординской области Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы Рухани Жаңғыру Digital Kazakhstan Egov