2 692

Қанның жүйе ретіндегі қызметтері

Қан әр түрлі ағзалар мен тіндерді біртұтас организмге біріктіретін жәй ғана көліктік орта емес. Газдарды, ақпараттардың және басқарудың кванттары болып табылатын биологиялық белсенді заттарды тасымалдаудан басқа қан көптеген орнын басу (компенсаторлық) функцияларды, иммундық қорғанысты және басқаларды орындайды. Қанның көліктік функциясының нәтижесінде тығыз жинақталған ағзалар организмге, сапалы жаңа формаға айналады.
Қан мыналарды тасымалайды:
- өкпе мен басқа ағзалар және тіндер арасында газдарды;
- басқа ағзалардың қызметтерін ұстап тұру және олар деструкцияға айналмау үшін, басқа ағзаларға берілетін қуаттық заттарды және торша метаболизм өнімдерін;
- организмнің иммундық қорғанысына арналған гормондарды, ферменттерді, кининдерді, цитокиндерді, простагландиндерді және басқа биологиялық белсенді заттарды.
Қанның буферлік функциясы арқылы организмде қышқылдық-сілтілік, электролиттік және осмотикалық тепе-теңдік орнайды. Қанның иммундық функциясының мәні қорғаныс антиденелерін, фагоциттерді, цитокиндерді өндіру, тегі бөгде микроорганизмдерге биофизикалық тосқауыл қою болып табылады.
Қанның өзін сақтау функциясы қанды сұйық күйде ұстап тұруға бағытталған. Күрделі агрегатты құрылымы бар қан әрқашан өзінің жылжып ағушылық қасиетін сақтайды, сау қан тамырлар жақтауларында тромб пен эмболдар түзілмейді. Жоғарыда келтірілген қан функциялары оны организмдегі өмірлік үдерістердің тең құқықты қатысушысы етеді.
Қалыпты қан қызметінсіз – организмнің бірде-бір жүйесі – тыныс алу, уытсыздандыру, метаболизм және басқалары жұмыс істей алмайды. Қан, басқа да маңызды ағзалар мен жүйелер сияқты көп қызметті. Сондықтан ол зақымданғанда, көлемі азайғанда қан функциясының ешбірі жеке жапа шекпейді.
Организмнің басқа жүйелері сияқты қан өз аутокомпенсация механизмдерін, сондай-ақ басқа жүйелерге қатысты орнын басу механизмдерін иеленеді.
 
Еркебай Ильясұлы АЯПОВ,
"облыстық қан орталығы”,
трансфузиолог дәрігер
 
(Сурет: автордікі)

Дереккөз: http://med-kz.ucoz.com/publ/d_riger_ma_alalary/qannyn_zhuje_retindegi_qyzmetteri/2-1-0-141
Сайт президента Акимат Кызылординской области Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы Рухани Жаңғыру Digital Kazakhstan Egov