744

ҚАЖ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚАН ТАПСЫРДЫ


Олар өздерінің қарбалас жұмыстарына қарамастан, өзгеге өмір сыйлауға үлестерін қосты. Бұл туралы департаменттің баспасөз қызметі хабарлады.

Қызылорда облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментінің қызметкерлері бұл қайырымдылық шараны Қазақстан полициясының құрылғанына 25 жыл толу мерекесіне орайластырып отыр. Бұл үшін Қызылорда облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде қан орталығының жылжымалы лаборатория қызметкерлері жұмыс атқарды.

«Бір тамшы қаным — жанға араша», – деп ақ ниетті көңілмен қол ұшын созған Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті мен оған бағынысты тергеу изоляторы мен түзеу мекемелері қызметкерлеріне қан орталығының мамандары алғыстарын айтып, ризашылықтарын білдірді.

http://aqmeshit-aptalygy.kz/azh-yzmetkerleri-an-tapsyrdy/
Сайт президента Акимат Кызылординской области Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы Рухани Жаңғыру Digital Kazakhstan Egov