1 428

Гемотрансфузиядағы ятрогендік зақымданулар

Бір кездері ятрогения деп дәрігердің дұрыс емес әрекетінен туындайтын патология немесе оны науқас бұрыс түсінуінен пайда болатын бұзылыс аталатын. Алайда медицина әдістері барынша агрессивті бола бастады, сол себепті тіпті дұрыс медициналық әрекеттердің жағымсыз салдары жиірек туындай түсті. Сондықтан ятрогендік зақымдануды – медициналық әрекет шақырған организм қызметінің немесе құрылымының арнайы емес немесе болуы әбден мүмкін зақымдануы деп анықтауға болады.
Гемотрансфузияға қатысы бар ятрогендік зақымданудың үш басты жағдайы мыналар:
1) тіпті қан тобының дәлелденген сәйкестілігіндегі міндетті түрде организмнің иммундық реакциясына жетелейтін қан бөгделігі, оның денеге жат бұйымға айналуы;
2) консервіленген қанның болуы мүмкін жұқпалануы, метаболикалық және функционалдық сәйкессіздігі (адекватты еместігі);
3) гемотрансфузия технологиясының салыстырмалы күрделілігі.
Регламенттелген нұсқауларға қарамастан қанды дайындау мен құюға дейінгі барлық кезеңдерде процедуралық асқынулардың болуы мүмкіндігі.
Бұл үш жағдай гемотрансфузиямен сабақтас зақымдануларды төмендігідей түрде жүйелеуге ерік береді:
- қанға иммундық реакциялар, аздап білінетін қалтырап-дірілдеуден гемотрансфузиялық талуға (шокқа) дейінгі;
- науқастардың жұқпалануы, оның ішінде гепатит, мерез, адам иммундық тапшылық (АИТВ) вирусының және көптеген басқалардың жұғуы;
- метаболикалық бұзылыстар;
- коуагулопатиялар;
- процедура асқынулары
– флебиттен газды эмболияға дейінгі.
Ятрогендік зақымданулар болуы әбден мүмкін, сондай-ақ қан препаратын немесе трансфузия режімін дұрыс емес таңдау, сонымен бірге процедурадағы кемшіліктермен сабақтас гемотрансфузияға байланысты туындайтын заңгерлік дау-дамайдың басты негізі болып табылады.
 
Еркебай Ильясұлы АЯПОВ,
"облыстық қан орталығы”,
трансфузиолог дәрігер
 
Дереккөз: http://med-kz.ucoz.com/publ/d_riger_ma_alalary/gemotransfuzijadagy_jatrogendik_zaqymdanular/2-1-0-137
Сайт президента Акимат Кызылординской области Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы Рухани Жаңғыру Digital Kazakhstan Egov