ОБЛЫСТЫҚ ҚАН ОРТАЛЫҒЫ

Қан беріп - өмірді сақтап қал!
  • RSS
  • Карта сайта
  • Контакты
Күнтізбе
«    Ақпан 2021    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
Біздің серіктестестер
Құны өмірге тең тамшы!
Сіз өз қан тобыңызды білесіз бе?

    Әрбір адам өзін сипаттай отырып бойын, салмағын, шашы мен көзінің түсін жылдам және анық айта алады, бірақ көптеген адамдар өздерінің қан тобы туралы сұраққа келгенде тығырыққа тіреледі. Өкінішке орай , көпшілігі өздерінің қан тобы қандай екенін білмей жатады. Ал оны біліп жүрудің артықшылығы болмаса кемшілігі жоқ. Тіпті кейбір балалар өз қан тобын білуге қызығушылық танытып ата-аналарынан сұрап жатады. Балалары тұрмақ өз қан топтарын білмейтін кейбір ата-аналар бұл сұраққа жауап бере алмай жатады.

    Қан тобын білу әскери қызметкерлерге міндетті деп саналып, анықталған қан тобы киімдеріне мөрмен басылады. Тек әскери қызметкерлерге ғана емес, жалпы баршамызға, әсіресе, төтенше жағдайлар,құқық қорғау органдарының қызметкерлері, тау-кен , газ-мұнай өндірісі салаларының қызметкерлеріне және медицина қызметкерлеріне қан тобын біліп жүрген абзал.

    Апат айтып келмесі анық. Өмір болғасын адамзат баласы кезкелген нәрсеге дайын болғаны дұрыс. Кейде өмірде қан құюды қажет ететін жағдайлар орын алып жатады. Егер сіз қан тобыңызды білсеңіз уақытты біршама үнемдейсіз. Себебі, біріншіден сіздің қан тобыңызды анықтау керек, сосын оған сәйкес донор қанын табу керек. Қан тобын білудің тағы бір артықшылығы, кейде жақындарыңыз (құдай сақтасын әрине) Сіздің көмегіңізге мұқтаж болуы мүмкін. Ал сіз қан тобыңызды біліп тұрсаңыз қан тобын анықтауға уақыт жұмсамай шұғыл көмек көрсетуге болады. Сондықтан Сіз біреудің немесе Сіздің өміріңізді әлде біреу құтқаруы әбден мүмкін.

    Қан тобы мен резус тәуелділігін біліп жүрудің болашақ ата-аналар үшін де маңызы зор. Себебі дені сау баланың дүние есігін ашуы–жаңа құрған отбасы үшін де, ата-ана үшін де үлкен қуаныш. Егер ана мен бала қаны сәйкес келмесе иммундық асқыну туындайды. Иммундық асқыну ерте белгілі болып жатса, алдын алу шаралары да дер кезінде жүргізіледі. Сондықтан отбасын жоспарлаған болашақ ата-аналардың отбасылық өмірде қан тобын білудің өзіндік орнын ұмытпағандары жөн.

    Кейбір адамдар медициналық тұрғыдан түсіне бермесе де өз қан тобын білгеннен кейін өз қанының анасына немесе әкесіне ұқсайтындығын айтып жатады. Қан тобы ата-анасынан баласына беріліп отыратын генетикалық белгі болып табылады және ол өмір бойы ешқашан өзгермейді. Яғни әркімнің өзіне тән қан тобы бар. Көпшілігі өздерінің қан тобын білуге қызығушылық танытқанымен оған уақыт бөлуге мүмкіндіктері болмай жатады не болмаса қайда және кімнің тиімді көмегіне жүгінерін білмей жатады. Өз қан тобын білемін деушілерге облыстық қан орталығы көмек көрсете алады.

    Облыстық қан орталығында халыққа сапалы медициналық көмек көрсету басты назарға алынған. Арнайы медициналық құрал-жабдықтармен, барлық талаптарға сай жабдықталған қан тобын анықтайтын зертханаларда адамдардың өздерін қауіпсіз және өздеріне сенімді сезінуіне барлық жағдай жасалған. Қан тобын анықтау үлкен жауапкершілікті талап ететін болғандықтан Сізге ол жерде білікті мамандар көмек көрсетеді. Қарқынды дамып келе жатқан медицина жетістіктерінің арқасында Сіздің аз уақыт ішінде қан тобыңызды білуге мүмкіндігіңіз бар. Сондай-ақ Сіздің қолыңызға өз қан тобыңыз туралы куәлік беріледі. Ол куәлікті Сіз төлқұжатыңызбен бірге өмір бойы жаныңызда алып жүре аласыз.

    Ендеше қарап тұрмай өз қан тобыңызды білуге асығыңыз!

 

Қанды тестілеу бөлімшесінің

меңгерушісі: Г.Т.Ахметова

Подробнее
  • Просмотров: 497
  • Пікір: 0
Аты-жөні:*
E-Mail:
Полужирный Наклонный текст Подчеркнутый текст Зачеркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищенной ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Код енгізу: *
Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық қан орталығы»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Сайтты жасаған және безендірген. Сайтқа тапсырыс беру - Key-Studio.kz
  • Яндекс.Метрика