2 131

Трансфузиологиялық терапияның асқынулары

Емдеу-алдын алу шараларының, әсіресе кезек күттірмес жағдайлар медицинасының маңызды компоненті инфузиялық-трансфузиялық терапия (ИТТ) болып табылады.

Оның ішінде трансфузиялық терапияда болатын асқынулар ескерілуі тиіс. Олар екі топқа бөлінеді:

1) құюға арналған трансфузиялық орталарды жинау, сақтау, тасымалдау мен дайындау әдістеріне тәуелсіз асқынулар;

2) құюға арналған трансфузиялық орталарды жинау, сақтау, тасымалдау мен дайындау әдістеріне тәуелді асқынулар.

Асқынулардың бірінші тобы өз бойына трансфузиядан кейінгі иммундық және иммундық емес асқынуларды және трансфузиядан соңғы реакцияларды жинақтайды.

Иммундық: жедел иммундық гемолиз (қан тамыр ішіндегі және қан тамыр сыртындағы); фебрильдік гемолитикалық емес реакция; аллергиялық реакциялар (оның ішінде анафилактикалық талу-шок); өкпенің жедел зақымдануы.

Иммундық емес: бактериалдық (микробтық контаминация) және вирустық асқыну; циркуляторлық зорығу; цитраттық уыттану (интоксикация); эмболиялар (ауалық, қан түйірлерімен эмболия); тромбоэмболия; медициналық-техникалық құралдар материалдарымен эмболия); кең көлемдегі трансфузияның жағымсыз эффекттері (араластыру эффектісі, антикоагулянттар мен консерванттар эффектілері, сақталған қанның зақымдану өнімдерінің эффектісі).

Асқынулардың трансфузиялық орталарды жинауға, сақтауға, тасымалдауға және дайындауға байланысты емес, тәуелсіз бірінші тобы клиникалық трансфузиологияның проблемасы болып табылады және қажетті әдебиеттерде толығырақ қарастырылады.

Екінші топ асқынуларына: бактериалдық (микробтық контаминация); физикалық және химиялық гемолиз; цитраттық уыттану; қан түйірлерінің эмболиясы; кең көлемді трансфузияның жағымсыз эффекттері (салқын қанды тез трансфузиялау эффектісі) жатады. Жоғарыда айтылған асқынулардың қатарына шынайы тұрғыда екі топ та кіреді (бактериалдық, цитраттық уыттану, қан түйірлерінің эмболиясы, кең көлемді қан құюдың жағымсыз эффекттері).

Бұл өз кезегінде құюға арналған трансфузиялық орталарды жинау, сақтау, тасымалдау мен құюға дайындау әдістерінің клиникалық мәнді екенін дәлелдейді. Сондай-ақ бұл сапалы, ықпалды және қауіпсіз трансфузияологияны өткізудегі олардың рөлін анықтайды.

 

Еркебай Ильясұлы АЯПОВ,

"облыстық қан орталығы”,

трансфузиолог дәрігер

 

(Сурет: автордікі)

 

 

 

 

Дереккөз: http://med-kz.ucoz.com/publ/d_riger_ma_alalary/transfuziologijalyq_terapijanyn_asqynulary/2-1-0-142

 

Сайт президента Акимат Кызылординской области Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы Рухани Жаңғыру Digital Kazakhstan Egov