6 040

Гемоглобиннің ағза үшін маңызы қандай?

Гемоглобин бұл-эритроциттердің немесе қанның қызыл түйіршіктерінің құрамына кіреді, ақуыздар мен темірден тұрады және осы ақуыздар мен темір қанға қызыл түс береді. Гемоглобин ағзаның барлық тіндерін оттегімен қамтамасыз етеді. Осындай ағза үшін маңызды рөл атқаратын гемоглобин жайында толық ақпарат легін ұсынамыз.

Гемоглобинді қалай өлшейді? Гемоглобин деңгейін қан талдауы арқылы тамырдан немесе саусақтың ұшынан алып анықтайды. Гемоглобин көрсеткіші қалыпты жағдайда әйелдер үшін 110-150 г/л, ерлер үшін 120-160 г/ларалықта болуы қажет.

Гемоглобин жоғары болса: Адамның тұрғылықты жеріне байланысты ластанған ауадан гемоглобиннің деңгейі көтерілуі мүмкін. Спортпен тұрақты шұғылданып, физикалық күш түскенде, темекіні көп қолданған кезде де гемоглобин көтеріліп кетеді. Гемоглобиннің жоғары болуы онкологиялық және қан ауруларының, сонымен қатар жүрек, өкпе жетімсіздігінің, туа біткен жүрек кемістігі сияқты тағы да басқа аурулардың белгісі болып табылады. Ақуыз деңгейінің көп болуы эритроцитоз бен қанның қоюлануынан байқалады. Оны қалпына келтіру үшін дәрігер қанның ұйығыштығын жақсартып, қанды сұйылтатын дәрілер жазып беруі мүмкін. Гемоглобинді түсіру үшін- түрлі ботқалар мен жеміс-жидектерді шикідей немесе бұқтырып жеу керек. Тамақпен бірге балғын салатттарды да қолдануға болады. Сонымен қатар шынығып, салауатты өмір салтын ұстану керек.

Гемоглобин төмен болса: эритроциттерді жасап шығаратын заттардың жетіспеуінен гемоглобин төмендейді. Гемоглобиннің төмендеуі қаназдықтың ұлғаюына себеп болды. Гемоглобині төмендеген адам тез шаршап, бозарып, терісі құрағайды. Үнемі басы ауырып, шашы түсе бастайды, ұйқысыздық пайда болады. Адам ағзасына В дәрумені мен фоли қышқылының жетіспеуі гемоглобиннің төмендеуіне әсер етеді. Гемоглобиннің төмен болуы көптеген аурулардың белгісін білдіреді. Темір мен басқада қоректі заттардың қажеттілігінің ұлғаюына байланысты жүкті әйелдерде гемоглобин төмендеп кетеді. Гемоглобинді көтеру үшін- бауыр, қарақұмық ботқасы, жасыл түсті жемістер, анар, алма, шабдалы, олардан өзге құрамында кальциі бар тағамдарды да қолданған дұрыс. Сүт өнімдерін аз тұтыну керек немесе тоқтата тұрған дұрыс. Темірдің сіңуін бәсеңдететін болғандықтан, гемоглобині төмен адамдарға кофе, шай ішуге болмайды. Ал аскорбин қышқылы (С дәрумені) қандағы ақуыздың көтерілуіне жақсы әсер етеді. Сондықтан апельсин немесе қызанақ шырынын ішіңіз және балғын лимон шырыны мен тәтті бұрышты күнделікті ас мәзіріне қоссаңыз дұрыс болады.

 

Қанды тестілеу бөлімшесінің дәрігер-зертханашысы- Ж.Е. Дуйсенова

Сайт президента Акимат Кызылординской области Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы Рухани Жаңғыру Digital Kazakhstan Egov