863

Құрметті Донорлар үшін!!!

1.ҚАНДЫ ТАПСЫРУҒА ДАЙЫНДАЛУ

Донор үшін, әсіресе, қан тапсыратын күннің алдында дұрыс тамақтанғаны және көп сұйықтық ішкені өте маңызды. Осы күні майлы, тұзды, қуырылған, ащы, кептірілген тағамдарды, сондай-ақ сүт өнімдері мен жұмыртқаны жеуге болмайды. Тәтті шай, варенье, нан, пісірілген жарма, макарон, шырын, минералды су, көкөністер, жемістер пайдалы.

Қан тапсырар алдындағы екі тәулік бұрын алкогольден, ал үш тәулік бұрын құрамында аспирин мен аналгетиктер бар дәрі-дәрмектерден бас тарту керек. Қан орталығына келер алдында таңғы ас ішу керек, ал дәл шараның алдында донор ыстық шай ішеді. Қан тапсырудан бір сағат бұрын темекі шекпегені жөн.

2.ҚАН ОРТАЛЫҒЫНА КЕЛУ

Қанды тапсырар алдында донор өзінің денсаулығы мен өмір салты, дәрілік заттарды пайдалану туралы сұрақтардан тұратын сауалнаманы толтырады. Терапевтің тексеріп-қарауын, қанның клиникалық және биохимиялық талдауын қамтитын, қанды АИТВ, мерез, В және С гепатиттері вирусының бар-жоғына талдау жасалатын тегін медициналық тексеріп-қарау жүргізіледі. Сондай-ақ, қанды тапсырар алдында әлеуетті донордың қан тобы мен резус-факторы анықталады. Тестілеу қан тапсырылған жерде ғана жүргізіледі, өзге медициналық ұйымның анықтамасы жарамсыз. Талдау нәтижелері құпия болып табылады және донордың өзіне ғана айтылады.

3.ШАРА ҚАЛАЙ ӨТЕДІ?

 

Қанды тапсыру донор үшін барынша қолайлы жағдайда, арнайы донор креслосында жүзеге асырылады. Мейірбике иыққа резинадан жасалған жгут салады,шынтақ буынының ішкі жағындағы теріні зарарсыздандырып, жіңішке трубка арқылы қанды жинақтауға арналған контейнермен қосылған инені салады. Бұл ретте зарарсыз бір рет пайдаланылатын құралдар ғана қолданылады. Қанды контейнерге жинақтау үшін донор өз жұдырығын бірнеше рет қатты қысып, босату қажет. Қанның бір бөлігі талдау үшін жинақталады.

Шара аяқталып, ине шығарылғаннан кейін шынтақ буынының ішкі жағына таңғыш салынады, оны 4 сағаттан кейін алып тастауға болады.

 

4.ҚАЛЫПҚА КЕЛУ

Әдетте қалыпқа келу көп уақытты қажет етпейді. Алайда қанды тапсырғаннан кейінгі бір тәулік бойы ауыр физикалық және спорттық жүктемеден бас тарту керек, толыққанды және дұрыс тамақтану, кемінде 1-2 литр сұйықтықты (алкоголь емес) ішу қажет.

Одан әрі қалыпты өмір сүре беруге болады. Қанның жасушалық құрамы қан тапсырған кейінгі 2-3 аптаның ішінде толық қалпына келеді

 

 

Дайындаған: Қанды тестілеу бөлімшесінің зертханашысы- Г.А. Ибрагим.

Сайт президента Акимат Кызылординской области Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы Рухани Жаңғыру Digital Kazakhstan Egov