1 391

Қызылорда облысының мамандандырылған күзет қызмет басқармасы мемлекеттік мекемесінің полиция қызметкерлері донорлық қан тапсырды

30.01.2018ж. облыстық қан орталығында полиция қызметкерлері «Донор күнін» ұйымдастырып, ауыр халде жатқан науқастарға донорлық қан тапсырып, бір тамшы қандарымен бөлісті.
Қан –әртүрлі апатты жағдайда, операцияның ауыр түрлерінде, босанудың қиын жағдайларында, қан ауруларына (гемофилия, лейкоз) шалдыққанда керек болатын ең қажетті өмір өзегінің бірі. Қан аурудың онкологиялық жағдайларында химиялық терапия кезеңіне де өте қажет. Статистика бойынша жер шарындағы әрбір үшінші тұрғын өз өмірінде бір рет те болса донорлық қанға зәру болады екен. Өзгеге қанын беру – барлық адамдарды бір –біріне жақындастыра түсіп, бар ынта жігермен басқаның өмірін сақтауға көмек қолын созған жанның шын жүректен көрсеткен адамгершілік парызы, батыл қадамы.

 

 

 

 

 

 

 

Донорларды жинақтау бөлімшесінің меңгерушісі Р.К.Ермаганбнтова

Сайт президента Акимат Кызылординской области Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы Рухани Жаңғыру Digital Kazakhstan Egov