983

KazTransGas ұжымы қан тапсырды

02.02.2018 жылы «Интергаз Орталық Азия» акционерлік қоғамының «Қызылорда магистральды газ құбырлары басқармасы» филиалы қызметкерлері қайырымдылық және әлеуметтік маңызы зор іс жасады.
Ұжымның ұйымдастырып отырған акцияның мақсаты – донор болуды азаматтарға үйрету және донор болудың арқасында ауыр халдегі бауырларымызға қан тапсыруға бағытталған «Өзгеге өмір сыйла» атты қайырымдылық акциясын ұйымдастыру, халық денсаулығын нығайтуға қосқан зор үлестері деп білеміз.
Қан беру – садақаның абзалы, әрі ең қайырымды іс. Ажал аузында жатқан науқас жанға бір тамшы қанмен оның өмірін аман алып қалу, бүкіл адамзатты құтқарғанмен тең дәрежедегі ізгі амал болып табылады.
Ізгілігі мен сауабы мол шара ұйымдастырғаныңыз үшін, мекеме басшысы Қызылбаев Талғат Жетпісбайұлы мен мекеме қызметкерлеріне шын жүректен алғыс білдіре отырып, дендеріңізге саулық, отбастарыңызға амандық, еңбектеріңізге береке, табыс тілейміз.
Қызылорда облыстық қан орталығы

 

 

 

 

 

Сайт президента Акимат Кызылординской области Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы Рухани Жаңғыру Digital Kazakhstan Egov