1 343

Донор болудың денсаулыққа қандай пайдасы бар?


Статистика бойынша, әрбір үшінші адам өз өмірінде өзге біреудің қанына мұқтаж болады. Қан тапсырушыны "донор" деп атайды. Жалпы, қан тапсырудың адам денсаулығына қандай пайдасы мен зияны бар? Бүгін осы тақырыпты талдайтын боламыз. Дереккөз: baribar.kz

«Донор» сөзі латын тілінен аударғанда «тарту,сыйлау» деген мағынаны білдіреді. Қан тапсыру – донорлық рәсім. Донорданалынатын қанның стандарттымөлшері – 450 мл. Ересек адамнанқанның аталған мөлшеріналу оның хәлі мен физиологиялық қызметтеріне еш әсер етпейді.

Қан тапсырмасбұрын донор дәрігерліктексеруден өтеді. Сондықтан, оның денсаулығына келер зиян жоқ. Тіпті, науқастаназдаған мөлшерде қан алу оған сауықтырушы ықпал етеді.

Қан қауіпсіздікүшін бір рет қана қолданылатын, зарарсыздандырылған гемаконғаалынады. Гемакон дегеніміз – қанның емдік қасиетінжоғары сапада сақтау үшін арнайы полимерлі материалданжасалған ыдыс.

Донордан алынғанқан, қанды айналдыруүшін қолданылатын машина центрифугадан өткізіледі. Онда қаннан плазма,тромбоцит және эритроцит концентраты деп аталатын негізгі үш компонент алынады.

 

онкологиялық

 

Қазақстан Республикасының заңында ақылы донорлық қызметке де рұқсат етілген.

Еліміздегі көптеген тұрғындар қан тапсырған адам өз денсаулығына зиянын тигізеді деп ойлайды. Дәрігерлердің айтуынша, қан тапсыру донордың өзіне физиологиялық жағынан да, психологиялық жағынан да пайдалы. Егер еліміздің әрбір тұрғыны қан тапсыруды өзіне азаматтық парыз деп санаса, сан мыңдаған науқас ауруынан айығып, сан мыңдаған адам өз туысынан айырлымас еді.

 

 

Ерлер жылына 5 рет, әйелдер 4 рет қан тапсыра алады. Қан алу шарасы арнайы қан орталығында жүзеге асырылады. Донор мен реципиенттің денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қан орталығында дәрігерлер бірнеше тексеріс кезеңін жүзеге асырады.

Зерттеу нәтижелері мен мамандардың тәжірибиесі қан тапсыру адамның денсаулығына өте пайдалы екендігін көрсетіп отыр. Қан тапсырған адамның қан айналу және иммундық жүйесі жақсарып, ол қатерлі ісік аурулары мен тыныс жолы жұқпалы ауруларына сирек шалдығады.

Қан тапсырудың қандай пайдасы бар?

  • организмнің нығаюы (апат кезінде, күюде, ауыр операцияда қан жоғалтуға тұрақтылық);
  • қан түзеу үдерісін ынталандыруға байланысты жастық шақты ұзарту, организмнің қайта жаңғыруы;
  • жүрек-қан тамыр жүйесі кеселдерінің профилактикасы;
  • иммундық жүйе кеселдерінің, ас қорыту бұзылыстарының, атеросклероздың, бауыр ауруларының алдын алу;
  • организмнен артық заттарды шығару;
  • қан тапсырған мейірімді істен моралдық қанағат алу.
http://syrboyi.kz/densaylik/17906-donor-boludy-densaulya-anday-paydasy-bar.html
Сайт президента Акимат Кызылординской области Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы Рухани Жаңғыру Digital Kazakhstan Egov