1 143

«Best – Service LTD» ЖШС компаниясы қызметкерлері донорлық қан тапсырып, ұжымның 20 жылдық мерей тойы қарсанында қайырымдылық акция ұйымдастырды.

«Best – Service LTD» ЖШС компаниясы халық арасындағы қызметі қайырымдылық және әлеуметтік маңызы зор жобаларды іске асыруға бағытталған.

Көктемнің алғашқы күні 02.03.2018ж. Қызылорда облыстық қан орталығында ұйымдастырылған қайырымдылық акция аясында 50 қызметкер донорлық қан тапсырды.
Ұжымда донорлық қан тапсыру қайырымдылық шара бірінші рет өткізілуде.


 

  

  

  

 

 

 

 

 

Акцияға қатысушылар өз еріктерімен донор ретінде қан тапсырып, мұқтаж жандарға көмектесуді мақсат еткен.

Қан беру – ең қайырымды іс. Ажал аузында жатқан науқас жанға бір тамшы қанмен оның өмірін аман алып қалу, бүкіл адамзатты құтқарғанмен тең дәрежедегі ізгі амал болып табылады.

Ізгілігі мен сауабы мол шара ұйымдастырған «Best – Service LTD» ЖШС компаниясы қызметкерлеріне, шын жүректен алғыс білдіре отырып, облыстық қан орталығы және науқастардың атынан дендеріңізге саулық, отбастарыңызға амандық, еңбектеріңізге береке, табыс тілейді.

Донорларды жинақтау бөлімшесінің меңгерушісі: Р.К.Ермаганбетова
Сайт президента Акимат Кызылординской области Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы Рухани Жаңғыру Digital Kazakhstan Egov