1 085

Қызылордалық полицейлер қан тапсырды

Астана. 3 қыркүйек. Baq.kz – Қызылорда облысының тәртіп сақшылары жаппай қан тапсыру акциясына қатысуда. Басты мақсат жол апатынан зардап шеккен балаларға көмек қолын созу. 29 тамыз күні басталған қайырымдылық шарасына Қызылорда облыстық ІІД Әкімшілік полиция басқармасының аппарат қызметкерлері және жол патрульді полицейлері қатысты.
Қайырымдылық акциясының жалғасы ретінде полиция қызметкерлері жол көлік оқиғасынан зардап шеккен балаларға жаңа оқу жылы қарсаңында түрлі сыйлықтар тарту етті. Яғни, облыстық медицина орталығының балалар хирургиясында жол көлік оқиғасы салдарынан түрлі дене жарақаттарын алып жатқан балаларға қол сөмкесін, мектепке қажетті құрал-жабдықтар және түнгі мезгілде жарық шағылыстыратын сөмкеге арналған қап сыйлады. Бұл акцияның мақсаты – физиологиялық, психологиялық тұрғыдан зардап шеккен балаларды көзден таса қылмай, олардың көңіліне үміт отын сейілту болып табылады дейді шараны ұйымдастырушылар.
 
Жыл басынан бері мектептерде облыстық тәртіп сақшылары тарапынан осы бағытта 1000-нан астам дәрістер өткізілгенін айта кету керек. Жол қозғалыс ережелерін кең тұрғыда насихаттап, жолда жүру біліктіліктерін жетілдіру мақсатында 445 кездесу, викториналар мен жарыстар ұйымдастырылды.
Сонымен қатар, жол қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында облыс орталығындағы мектептер алдындағы жол белгілерін жаңартып, қайта орнату жұмыстары жүргізілді.
Осындай жолдағы оқыс оқиғаларды болдыртпау, алдын алу мақсатында қызылордалық полицейлердің қатысуымен түсіндірме жұмыстары бұдан әрі де жалғасын табатын болады.
Сайт президента Акимат Кызылординской области Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы Рухани Жаңғыру Digital Kazakhstan Egov