1 030

Қауіпсіз шара - сапалы өнім

Емдік шаралар кешенінде қан және оның компоненттерімен препараттарын құю кеңінен қолданылып келеді. Жыл өткен сайын қан компоненттеріне деген сұраныс артпаса кеміген жоқ. Өмір арашасы болған бір тамшы қанның құдіреті соншалық әлі күнге дейін ешбір дәрі оның орнын баса алар емес. Сол қанның сапалы да қауіпсіз дайындалуы үшін атқарылып жатқан шаралар аз емес. Атап айтар болсақ, қан тапсыру кезіндегі қауіпсіздікті арттыру мақсатында облыстық қан орталығы жыл сайын заманауи медициналық жабдықтармен жаңартылуда. Оған дәлел, жақында қан орталығы қан тамырларын көруге арналған VEIN FINDER VIVO500S аппаратымен қамтамасыз етілді. Бұл аппаратты орталығымыздың жаңалығы десек те болады.

 

 

 

 


 

 

 

 

 

 




 

Осы аппарат арқылы қолмен қиын анықталатын қан тамырларын көріп, тамырға дәл түсіп, қан алынуда. Аппарат жылжымалы және тоқпен қуатталады, жұмыс жасауға өте ыңғайлы.

Сонымен қатар, дайындалатын қанның сапасын арттыру мақсатында қан орталығы қандағы клеткаларды бөліп алуға арналған MCS+ аппаратымен және вирустазартылған қан компоненттерін дайындайтын INTERCEPT 100 аппаратымен қамтамасыз етілді. Бұл аппараттармен орталығымызда 2007 жылдан бастап қан дайындалуда. Қазіргі таңда қан орталығында қан клеткаларын бөліп алуға арналған 4 дана MCS+ аппараты, 2 дана вирустазартылған қан компоненттерін дайындайтын INTERCEPT 100 аппараты бар. Осындай аппараттардың көбеюі донорлардың уақытын үнемдеуге септігін тигізетініне сеніміміз мол.

Құрметті донорлар бізге келіп қан тапсыру кезінде Сіздерге қауіпсіз және сапалы қызмет көрсетіледі!

Сайт президента Акимат Кызылординской области Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы Рухани Жаңғыру Digital Kazakhstan Egov