1 042

Ақуыз фракцияларын анықтауға арналған Scanion электрофорез аппараты

Облыстық қан орталығының қанды тестілеу бөлімі тағы бір аппаратпен толықты.Ол- ақуыз фракцияларын анықтайтын «SCANION» аппараты.Аппарат құрамында«Skan-рower»электрофоретикалық камераға арналған стабилизатордан тұрады.

 

 


Сканион-арнайы программа орнатылған ,микропроцессормен басқарылады. Барлық стандартты ацетат-целлюлозды сызықтарды сканерлеп,есептеп,денситограммамен принтерден шығарып отырады.Бұл мәліметтерді RS-232 арқылы компьютерге жіберіп отыруға болады.

Есептеу жүйесі жадында сақталып,бірнеше математикалық қызметтер атқарады.Оны клавиатура арқылы қатені дұрыстау және жұмыс барысын жеңілдету мақсатында қолданады.Автоматты түрде күнделікті ішкі сапаны бақылау жүргізіледі. Ол болуы мүмкін қателіктердің алдын алады.

Электрофорездің осы әдісі арқылы қан сары суындағы 5 ақуыз фракциясын анықтай аламыз.Альбумин –ең үлкен және анодқа қарай жылдам қозғалатын фракциясы,одан кейін α1-глобулин,α2-глобулин,β-глобулин ,γ-глобулин.

Әр зертхананың өзінің қалыпты көрсеткіш диапазоны болады.Себебі, тұрғылықты жері,ауа –райы,тексерілушінің жас ерекшеліктеріне байланысты айырмашылықтар болуы мүмкін.

Альбумин- 52,0-70,0%

Глобулиндер-

Альфа1- 3,5-6,0%

Альфа2- 6,9-10,5%

Бета- 7,3-13,0%

Гамма- 12,0-19,0%

 

Қанды тестілеу бөлімшесі бөлім меңгерушісінің у.м.а. Жантұрсынова Ж.Б

Сайт президента Акимат Кызылординской области Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы Рухани Жаңғыру Digital Kazakhstan Egov