886

Рефлотрон Плюс экспресс анализаторы

Облыстық қан орталығы қанды тестілеу бөлімшесі «Рефлотрон Плюс» экспресс-анализаторымен жұмыс жасайды.Бұл анализатор донор қанындағы аланиламинтрансферазаны(АЛТ) экспресс-тест әдісі арқылы анықтайды. Зерттеу бір реттік қолданылатын арнайы тест- таяқшалары арқылы жүргізіледі. Донордың саусақ ұшынан алынған капиллярлық қаннан тексеріледі.Зерттеу қорытындысы 123секунд,яғни 2 минут ішінде шығады. Аппараттың зерттеу нәтижесін дұрыс,сапалы анықтауын қадағалау мақсатында күнделікті ішкі сапаны бақылау,жылына екі рет Астана қаласына «Трансфузиология ғылыми –өндірістік орталығына»сыртқы сапаны бақылауға зерттеулер жіберіледі.

 

 

 


Анализатордың негізгі артықшылықтары:

-зерттеу нәтижесін аз уақытта көрсету(123 секундта);

-зерттеуге қажет қан көлемі аз мөлшерде- 32 мкл;

-жұмыс барысы үйренуге жеңіл,қолдануға ынғайлы;

-қажетті жабдықтары бір реттік қолдануға арналған;

-ішкі және сыртқы сапаларды бақылауға арналған арнайы тест-таяқшаларының болуы.

 

 

 

 

 

Қанды тестілеу бөлімі меңгерушісінің у.м.а. Жантұрсынова Ж.Б

 

Сайт президента Акимат Кызылординской области Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы Рухани Жаңғыру Digital Kazakhstan Egov