722

Қан төрт негізгі компоненттен тұрады

-Эритроциттер (қанның қызыл жасушалары) – оттегіні өкпеден ағзаның басқа мүшелеріне тасымалдауына жауап береді. Құрамында темірі бар ақуыз – гемоглобин – осы эритроциттің құрамында болады. Гемоглобин болса, тыныс алатын ауаның құрамындағы оттегіні өзіне байланыстырып, ағзаның басқа мүшелері мен тіндеріне біртіндеп тасымалдайды.

-Лейкоциттер (қанның ақ жасушалары) – иммунитетттің, яғни, ағзаның инфекцияларға қарсы күрес жүргізуін қамтамасыз етеді. Лейкоциттердің бірнеше түрлері бар. Кейбіреулері ағзаға енген бактериялар мен басқа да бөгде жасушаларды жоюға тікелей қатысса, басқалары инфекциялармен күресуге қажетті арнайы молекулаларды – антиденелерді түзуге қатысады.

 

 

 

 

 

-Тромбоциттер (қанның пластинкалары) – қанның ұюына, яғни, ағзаға қан тоқтатуға жәрдемдеседі. Егер қантамыр зақымданса, зақымданған жерде бірітіндеп қан ұйығы түзіліп, қан кету тоқтайды. Тромбоцитсіз (сонымен қатар, қан плазмасында болатын басқа да заттарсыз) қан ұйығы түзілмейді, кез – келген жарақат немесе мысалға, мұрыннан қан кету үлкен көлемдегі қан тапшылығына алып келуі мүмкін.

-Плазма – құрамында қан жасушалары бар сұйық орта. Плазманын көп бөлігі судан тұрады , сонымен қатар оның құрамында тек қанда болатын көптеген еріген заттар болады. Донорлық плазма тек науқасқа құюға ғана емес, сонымен қатар, альбумин, иммуноглобулиндер, қан ұю факторлары сияқты маңызды медициналық препараттарды дайындауға қажет.

Автор: Амантаева Ақнұр

Сайт президента Акимат Кызылординской области Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы Рухани Жаңғыру Digital Kazakhstan Egov