643

Донорлық қанды қолдану

Қазіргі таңда, тәжірибеде жаңа алынған қан құюды қолданбайды, тек қан компоненттерін, яғни, науқасқа кажетті компоненттерді құяды. Мысалы: тек эритроциттік жүзіндіні, тек жаңа мұздатылған плазманы, тек тромбоциттер концентратын немесе тек лейкоциттік массаны.

Эритроциттерді ота кезінде болатын үлкен көлемде қан тапшылығын толтыру немесе босану кезінде болатын қаназдық және жаңа туылған нәрестелердің қанын ауыстыру үшін құяды. Эритроциттерді басқа қан компоненттеріне қарағанда жиірек құяды, себебі, олардың тапшылығы ағза үшін өте ауыр.

Тромбоциттерді науқасқа саны азайған кезде немесе қызметін дұрыс атқармаған кезде құяды. Мысалы, лейкемия ауруы кезінде интенсивті химиотерапия курсін қабылдағанда. Сонымен қатар, тромбоцит концентраты қан және бауыр ауруларында, обыр, күйік және үлкен көлемдегі қан тапшылығында құйылады.

 

 

 

 

 

Гранулациттер интенсивті химиотерапия курсін алған, сонымен қатар, сүйек кемігі трансплантациясының науқастарына құйылады.

Плазманы массивті қан кетулерді толықтыру мақсатында және қан ұюының бұзылыстары кезінде құйылады. Құрамдық бөлшектерін бөлу арқылы плазмадан медициналық мақсатта қолданылатын 20-дан астам эффективті дәрілік препараттарды алуға болады. Оларды көптеген аурулардың емінде қолдануға болады (иммунитет тапшылығы, аутоиммунды, неврологиялық, жұқпалы ауруларда, сонымен қатар,жүрек жетіспеушілік, демікпе, гемофилияда.


Автор: Нұрсұлтан Бекарыс
Сайт президента Акимат Кызылординской области Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы Рухани Жаңғыру Digital Kazakhstan Egov