1 186

Қазақстанда донорлық сала дамып келеді

Астана. 20 қараша. Baq.kz – Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде қазақстандық экономикалық саясатты қайта бағдарлауға және әлеуметтік инфрақұрылымды геосаяси дағдарыс жағдайында дамытуға арналған Елбасы Жолдауына сәйкес қан беру қызметін техникалық жаңғыртудан өткізу мен интелектуалдық және ғылыми негізін дамыту жайы талқыланды. Сонымен қатар, еліміздегі донорлық қызметтің өсіп-өркендеу мәселесі де назардан тыс қалмады.
 
Брифингке халықаралық ұймдардың өкілдері қатысты. Атап айтқанда, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, Шығыс Еуропа және ТМД елдері трансфузиологтарының халықаралық қауымдастығы, Ауруларды бақылау және профилактикалау жөніндегі АҚШ орталығы (CDC), Денсаулық сақтаудың американдық халықаралық одағының (AIHA) білікті мамандары бар. Баспасөз мәслихатында сарапшылар қауымы қан қызметінің қазіргі жағдайдағы дамуының тұрақты көрсеткіштерімен сипатталатынын атап өтті.

- Бұл осы салада жүйелі түрде қайта құру жүргізудің салдарынан мүмкін болып отыр. Өңдеудің қосымша әдістерін пайдалана отырып, қанды және оның компоненттерін дайындау технологияларының тәсілдерін бірегейлендіру; донорлық қанды екі кезеңдік тестілеу; жетекші әлемдік өндірушілерінің толық автоматтандырылған жоғары технологиялық жабдықтарымен жарақтандыру - осы шаралардың барлығы да ең жоғары талаптарға сәйкес келетін тиімді донорлық қызметті қалыптастыруға зор мүмкіндіктер бере бастады. Осылайша қазіргі кезде еліміздегі қан беру қызметінің дамуы жаңа кезеңдік көрсеткішке көтерілді, - деді Ғылыми-өндірістік трансфузиологиялық орталығының директоры Жандос Бүркітбаев.  
Сайт президента Акимат Кызылординской области Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы Рухани Жаңғыру Digital Kazakhstan Egov