669

Донор болудың адам ағзасына пайдасы

Адамға құю үшін пайдаланылатын қан дені сау адам-донордан алыну керек. Қан – бұл тірі және қалпына келетін тін болып табылады, сондықтан оны дені сау ағза ғана көп көлемде бере алады.

Көптеген зерттеулер донор болу – пайдалы екенін дәлелдейді. Бірнеше рет қан тапсыру донор организмінде стрестік жағдайларға, жарақаттарға, қан кетулерге қарсы тұрақтылықты күшейтеді.Сонымен қатар организмнің «жасаруына», иммунитетің жоғарылауына алып келеді. Нәтижесінде жүрек пен тамыр, иммундық жүйе ауруларының, ас қорыту жүйесі, бауыр мен ұйқы безі бұзылыстарының алдын алады. Тұрақты түрде қан тапсыратын адамдар қан тапсырмайтын адамдарға қарағанда миокард инфарктімен 10 есеге дейін сирек ауырады.

 

 

Облыстық қан орталығында сапалы қан өнімін дайындау мақсатында донорларды жинақтау бөлімшесінде донорлар мұқият іріктеледі.Орталықтың инфекцияларды диагностикалау зертханасы стандартқа сай жоғары технологиялық құрылғылармен жабдықталған. Зертханада 4 түрлі инфекцияларға(АИТВ,Вирусты гепатит В,Вирусты гепатит С,мерез) тексеріледі.Барлық медициналық манипуляциялар бір рет пайдаланылатын құрал-саймандар мен қосымша материалдар пайдаланылады. Бұл донор үшін инфекциялық ауруларды жұқтыру қауіпсіздігінің кепілі. Зерттеу барысында оң нәтиже анықталса, қан жойылады, ал донор қан тапсырудан мерзімсіз шеттетіледі.

Донор ретінде қан тапсырған соң, қан 30-40 күннен кейін толық қалпына келеді. Түрлі компоненттердің қалыпқа келу жылдамдығы әр түрлі. Эритроциттер донор ағзасында 4-6 апта ішінде, ал лейкоциттер мен тромбоциттер – бірінші аптаның соңында қалпына келеді. Плазма 1-2 күннің ішінде қалпына келеді.

Сондықтан,науқас адамға өмірге деген үміт сыйлау,донор өміріне қауіпсіз, әрі пайдалы деп сеніммен айта аламыз.

Сайт президента Акимат Кызылординской области Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы Рухани Жаңғыру Digital Kazakhstan Egov