1 131

Донорлық қан екі кезеңдік скринингтен өткізіледі

Астана. 20 қараша. Baq.kz – Астанадағы Орталық коммуникациялар қызметінде сөз алған Шығыс Еуропа және ТМД елдері трансфузиологтары халықаралық қауымдастығының басшысы, профессор Евгений Жибурт осылай деп мәлімдеді.
 
Айта кетейік, бүгін ОКҚ-де «Қазақстандағы донорлық қызметтің даму жетістіктері мен перспективалары: халықаралық сарапшылардың бағалауы» тақырыбында брифинг өтті.
- Бүгінгі күнде Қазақстан екі кезеңмен: ИФТ + ПТР, сондай-ақ, адами фактордың әсерін толық болдырмайтын «жабық» үлгідегі толық автоматтандырылған жабдықты пайдалана отырып, донорлық қанды скринингтеу тәсілдерінен өткізіледі. Бұл Қазақстанда жүргізілетін донорлық қанды екі кезеңдік зерттеу әлемдік практикаға сәйкес келетінін және өңірдегі елдерінің ұқсас қан қызметтері үшін үлгі болатынын ерекше атап өту керек, - деді Евгений Борисович.

Естеріңізге сала кетейік, мамандардың айтуынша елімізде қан қызметін жетілдіру бойынша қабылданған шаралар донорлыққа оң әсер етіп жатқан көрінеді. Өйткені, донациялар саны жыл сайын 5 пайызға өсіп келеді. Бұл ретте ерікті өтеусіз донорлар саны өсуінің нақты тенденциясы айқындалған.  
Сайт президента Акимат Кызылординской области Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы Рухани Жаңғыру Digital Kazakhstan Egov