674

Акция

Қызылорда облыстық қан орталығында 23.07.2020 күні "Облыстық жастар орталығының” ұйымдастыруымен ЕРІКТІЛЕР арасында қайырымдылық акциясы өтті. Акция аясында 50-ге жуық еріктілер қан тапсырды. Акцияға қатысушылар өз еріктерімен донор ретінде қан тапсырып, мұқтаж жандарға қайырымдылық жасауға және қазіргі төтенше жағдайға байланысты, қанға мұқтаж науқастарға донор болуды мақсат еткен. Бұл шараға: «Облыстық жастар денсаулық орталығы», «Жастар ресурстық орталығы» «Қызылорда қайырымдылық жастары» және 140 мектеп ұжымы белсенді түрде ат салысты. Облыстық қан орталығы директоры С.К.Игембаевтың және орталық қызметкерлері атынан алғыс білдіреміз.

 

 

 

 

 

 

 

 


Қан – адам өзге адамға бере алатын ең қымбат сый. Осындай ниетпен қан тапсырған барлық донорларға , соның ішінде қайырымдылық шарасын ұйымдастырған : "Облыстық жастар денсаулық орталығының” директорының орынбасары Назарова Салтанат Абдыкадыровнаға, "Асыл-Мирас аутизм орталығы” жетекшісі Айтбенбетов Болатбек Серикбаевичке, "Жастар ресурстық орталығы” ұйымдастырушысы Смайлов Алмат Жамалбекұлына шын жүректен алғыс білдіре отырып, облыстық қан орталығы дендеріңізге саулық, отбастарыңызға амандық, табыс және абырой тілейміз. Бұндай шаралар алдағы уақытта да өткізіліп, мұқтаж жандарға көмек беру жалғасатынына сенеміз! @ Облыстық қан орталығы
Сайт президента Акимат Кызылординской области Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы Рухани Жаңғыру Digital Kazakhstan Egov