516

“Қан тапсырып – өмір сыйла” акциясы Жаңақорған ауданы

Облыстық қан орталығының жоспарына сәйкес Жаңақорған ауданының емдеу – алдын алу ұйымдарының жыл бойы қан өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатында 17 – 18.09.2020 күндері Жаңақорған ауданында "Қан тапсырып – өмір сыйла” акциясы ұйымдастырылды. Акцияның мақсаты – халық арасында қауіпсіз донорлықты арттыру мақсатында белсенді іс-шаралар ұйымдастырып, насихаттау жұмыстарын жүргізу, мұқтаж жандарды қан өнімдерімен қамтамасыз ету. Облыстық қан орталығының мамандары ауданда көшпелі жағдайда қан дайындады. "Қан тапсырып – өмір сыйла” акциясына 150-ге жуық адам ниеттеніп, оның ішінде 101 донор қан тапсырды. Аудандағы әкімшілікке қарасты ұйымдар, аудандық аурухана, емхана қызметкерлері, аудан, елді мекен тұрғындары белсенді түрде қатысты.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қан – адам өзге адамға бере алатын ең қымбат сый. Осындай ниетпен қан тапсырған барлық донорларға, соның ішінде осындай акцияның ұйымдастырылуына ықпал еткен Жаңақорған аудандық ауруханасына алғыс білдіре отырып, облыстық қан орталығы дендеріңізге саулық, қажымас қайрат, қызметтеріңізде мол табыс пен абырой тілейміз. Бұндай акциялар алдағы уақытта да өткізілетініне және аудан тұрғындары белсенді түрде қатысатынына сенеміз және алдын – ала шексіз алғысымызды білдіреміз!

Сайт президента Акимат Кызылординской области Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы Рухани Жаңғыру Digital Kazakhstan Egov