1 413

Қазақстанда донор тапшы

Астана. 15 тамыз. Baq.kz - Елімізде 5 мыңға жуық науқас донор көмегіне зәру. Олардың дені бүйрек жеткіліксіздігі дертіне шалдыққандар. Дәрігерлердің айтуынша, дімкәс жандарды аман алып қалудың бір жолы қайтыс болған адамның ағзасын алу. Бірақ, әзірге бұл мәселеге қатысты қоғамда сан алуан пікір бар. Ал, гемодиализ орталықтарында ем алатын сырқат жандар үшін донор көмегі ауадай қажет. Ауру батпандап кіріп, мысқалдап шығады.
Марал Шайхиевтің де бүйрек жетіспеушілігі дертіне шалдыққанына он жылдан асты. Бүйрегі толық істен шыққан соң 6 жылдай гемодиализ аппаратының көмегіне сүйенуге мәжбүр болған. Алайда, қанды күнара тазартып тұратын құрылғы тек облыс орталығында ғана бар. Оған 100 шақырым жерден жетудің өзі қиын. Науқас бүйрегін биыл көктемде Астанадағы трансплантология орталығында ауыстырған. Донор ретінде оған туған қарындасы көмектесті.
 
Марал Шайхиев, Тасқала ауданының тұрғыны:
- Туған болғанмен группа бәрі келіп тұр да, сәйкестігі келе ме? Соны қарауға Астанаға бардық. Сосын анализ тапсырдық. Где-то екі жұмадан кейін шығады деді результаты. Сосын 12 күнде хабар келді, 100 пайыз сәйкестік келіп тұр, келіңдер Астанаға, жасаймыз деп. Шүкір, жаман емес, бұрынғыға қарағанда жақсымын. Қазір кейіпкеріміз қалыпты өмірге оралғысы келеді. Әрине, әлі кемі бір жылдай дәрігерлердің бақылауында болады. «Бастысы, гемодиализ аппаратына таңылған азапты күндер артта қалды»,-дейді ол. Алайда, өңірде дерттің бұл түріне шалдыққан әлі 100-ден астам науқас бар. Соңғы екі жылда операцияның күшімен тек 8 сырқатқа ғана ағза ауыстырылған. Қазір Оралдағы гемодиализ орталығында ем алатын науқастардың бәрі де трансплантология орталығында кезекте тұр. Алайда, донор табу оңай емес.
 
Темірхан Мұратов, Гемодиализ орталығының директоры:
- Донорство от живого донора деген енді ол без проблема, ол донор болса барады, анализ тапсырады совместимостьқа. Астанаға болсын, Алматыға болсын. Процентін қарайды да айтады ғой, пересадка жасауға болады деп. Оған еш проблема жоқ. Енді «трупный донорство» дейді, қайтқан адам жаңағы көбіне трагический, ДТП тағы басқа жағдайда, ол жағы енді қиындау, не отработано база пока. Үш баланың анасы Рәзия Зейінова да 10 жылдан бері гемодиализ алып жүр. Қалада үйі жоқ болғандықтан, осында пәтер жалдауға мәжбүр. Ана өзі секілді ауылдан келетін науқастар үшін осы орталық жанынан жатақхана салынса дейді.
 
Рәзия Зейінова Емделуші:
- Осы Орал қаласынан да біздің өзіміздің арамыздан жыл жарымның ішінде 10 шақты адам барып бүйрек ауыстырып келді. Қазір олардың өмір сүру қабілеті жақсы. Өздерін күнделікті жақсы сезінеді. Біздерге де сондай күн туып, еліміз, үкіметіміз, медицинамыз көмектессе дейміз. Қазір облыс бойынша гемодиализ орталығында ем алып жүрген 103 науқастың ең жасы 18-де. Мамандардың пікірінше, ағза ауыстыру операциясы арқылы олардың 95 пайызының денсаулығын қайта қалпына келтіруге мүмкіндік бар.
 
Хабар
Сайт президента Акимат Кызылординской области Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы Рухани Жаңғыру Digital Kazakhstan Egov