949

Трансфузиология өндірістік-орталығы ТМД елдері бойынша үздік бестіктің қатарында

Астана. 15 маусым. Baq.kz – Трансфузиология өндірістік-орталығы қан алу, беру, дайындау бойынша ТМД елдерінің ішінде үздік бестіктің қатарына кіреді. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-де өткен брифинг барысында ҚР ДСӘДМ Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығының трансфузиолог дәрігері Зәуреш Әлменова мәліметті.

 «Қан алу мен беру процестері халықаралық стандарттарға сәйкес жұмыс істейді. Шет ел мамандары жоғары баға беріп отыр. Трансфузиология өндірістік-орталығы бірінші санаттағы қан алу, беру, дайындау бойынша ТМД елдерінің ішінде ең ірі қан орталықтарының бірі болып саналады. Жыл сайын Астана қаласында орналасқан қан орталығында 45 мың нан астам донация жасалып келеді»деп атап өтті Зәуреш Әлменова.

Сондай-ақ, республика бойынша Астана қаласында қан сұранысы жоғары болып келеді. Себебі жоғары технологиялық медициналық қызметтердің дені ел ордада көрсетіледі. Дәрегердің айтуынша Астана қаласында қан сұранысының жоғары болуының бірнеше себептері бар.

«Жиі ағза ауыстыру және республика бойынша 14 аймақ тұрғындары Астана қаласына келіп ота жасатуынан қан сұранысы жоғары болып отыр. Күнделікті жол-көлік оқиғасының орын алуы, қан факторларының жетіспеушілігінен туындайтын көптеген аурулардың да үлесі зор. 2014 жылғы көрсеткішке назар аударатын болсақ 357 күрделі операция жасалған. Осы кездерде қан және қан құрамымен қамтамасыз еттік» дейді дәрігер.

 
Ая ӨМІРТАЙ
Сайт президента Акимат Кызылординской области Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы Рухани Жаңғыру Digital Kazakhstan Egov