1 276

Донорларды марапаттау туралы

Қызылорда облыстық қан орталығының 2015 жылы 14 маусым – «Дүниежүзілік қан доноры күніне» байланысты донорларды Қазақстан Республикасының «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» кеуде белгісімен марапаттау жайлы
         
2015 жылы 14 маусым – «Дүниежүзілік қан доноры күніне» байланысты төмендегі донорларды Қазақстан Республикасының «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» кеуде белгісіне ұсынды:
    Наурызбаев Жанабай Назарұлы 15 сәуір 1967 жылы туылған, мекен-жайы Қызылорда қаласы, Жанқожа батыр көшесі №2 үй, жұмыс орны «Монтажспецстрой» мекемесінде дәнекерлеуші қызметін атқарады.
          1985 жылдан бастап плазма доноры. Осы уақытқа дейін 74 рет плазма  
          тапсырды. Барлық тапсырған плазма мөлшері 40,700 литр.
    Скачков Николай Васильевич 28 шілде 1962 жылы туылған, мекен – жайы Қызылорда қаласы, Пролетарский қиылысы №39 үй ,  жұмыс орны Ұлттық қауіпсіздік комитеті, бөлім бастығының орынбасары.
          1990 жылдан бастап плазма доноры. Осы уақытқа дейін 71 рет плазма
          тапсырды. Барлық тапсырған плазма мөлшері 39,050 литр.
    Ондаш Жұмашұлы 27.04.1965жылы туылған, мекен-жайы Қызылорда облысы, Қазалы ауданында дүниеге келген, қазіргі таңда Қызылорда қаласы Астана мөлтек ауданы №1 үй 8 пәтер тұрғыны, жұмыс орны 1996 жылдан 201жылға дейін Қазалы аудандық ауруханада жұмыс атқарған. Бүгінгі таңда Қызылорда қаласы Астана мөлтек ауданы №1 үй 8 пәтерде тұрады және 2010ж. ақпан айынан бастап ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі комитетінің Қызылорда облысы бойынша бақылау және әлеуметтік қорғау департаментінде бас маман жұмысын атқарады.
          1996 жылдан бері тұрақты қан тапсырушы. Осы уақытқа дейін Қазалы
          ауданының  ҚҚБ-де және Қызылорда ОҚО-да  76 рет 34,200 литр қан
          тапсырған. Ол өзінің халқына көрсеткен адал еңбегі, адамгершілігі
           арқасында ұжым, медицина қызметкерлері, аудан халқы алдында
          үлкен беделге ие.
Наурызбаев Жанабай Назарұлы, Скачков Николай Васильевич және Ондаш Жұмашұлы,  өте ұқыпты, қажет болған жағдайда әрқашан донорлық қан  беруге дайын тұрады.
Сайт президента Акимат Кызылординской области Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы Рухани Жаңғыру Digital Kazakhstan Egov