862

Әуе қорғанысы қызметкерлері 30 литрге жуық донорлық қан тапсырды

Астана. 30 шілде. Baq.kz – ҚР Қарулы күштері Әуе қорғанысы күштерінің әскерилері 30 литр қан тапсырды деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.  
Қайырымдылық шараның басты мақсаты - қанға мұқтаж науқас жандарға қол ұшын созу. Ұйымдастырушылардың айтуынша, қазақстандық әсерилер жылына екі рет донор болып, қан тапсырып отырады екен. Және бұл дәстүрдің қалыптасқанына он жылдан асып кеткен.

Ал, дәрігерлер болса жылына бірнеше рет қан тапсырғанның денсаулыққа еш зияны жоқ екенін айтып отыр. Қайта керісінше, донорлардың қаны жаңарып, денсаулығына пайда әкеледі дейді олар. Нәтижесінде жүрек жұмысы жақсарып, ішкі органдар да түрлі сырқаттан аулақ болады.
Айта кету керек, әрбір минут сайын әлемнің әрбір бұрышында қан жетіспеушілігі салдарынан бір адам көз жұмады екен.

http://baq.kz/kk/news/ult-sauligi/aue-korganisi-kizmetkerleri-30-litrge-zhuik-donorlik-kan-tapsirdi-69158

24life.kz
Сайт президента Акимат Кызылординской области Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы Рухани Жаңғыру Digital Kazakhstan Egov