1 279

Қан тапсырудың тиімді жолы бар

 
Қатерлі ісік секілді ауыр дертке шалдыққан, әртүрлі факторлардың кесірінен қансыраған немесе жол-көлік оқиғасы, өндірістік жарақат секілді оқыс жағдайға ұшырағандарға донор қанын құю арқылы оларды ажалдан арашалау – ғылыми медицинада көптен бар тәсіл. Біз Батыс Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасына қарасты «Батыс Қазақстан облыстық қан орталығы» мекемесінің директоры Ғизатолла Лямов ұсынған соңғы 3-4 жылға қатысты инфографикалық кестені оқырмандарымыздың назарына ұсынып отырмыз.
 
– Бұл статистикалық мәліметтер бір қарағанда донорлардың қан тапсыру көрсеткіші төмендеп бара жатқандай әсер қалдыруы кәдік. Ал шын мәнінде, донорлық үрдіс бәсеңдеген жоқ, тек бұл мәселеге жаңа көзқарас қалыптасты. Мысалы, бұрындары қажет жағдайда қан жаппай толық құрамда құйылатын. Ал бүгіндері науқастың ағзасына қанның құрамындағы плазма керек пе, демек, сол ғана жіберіледі. Сондай-ақ сырқат кісіге қанның құрамындағы эритроцит немесе тромбоцит қажет болса, ауру ағза өзіне тікелей керекті қан компоненттерімен қамтамасыз етіледі. Мұндай тәсіл қан қорын ұқыпты да тиімді пайдалануға әрі донор қауымды беймезгіл мазаламауға мүмкіндік береді. Әлі күнге дейін донор қанын алмастыратын дәрі-дәрмек ойлап табылған жоқ. Донор қаны тек донорлардың қан тапсыруы арқылы ғана даярланады. Сөйте тұра дотация 100% ерікті түрде жүргізілетіндігін ел-жұрттың жадына сала кеткен артықтық етпес, – дейді Ғизатолла Темірұлы.
 
– Ислам діні қан тапсыру миссиясына теріс қарамайды. Өйткені қан тапсыру арқылы адамды ажалдан арашалау немесе қан беру негізінде науқас кісінің денсаулығының нығаюына үлес қосу сауапты іс екендігі сөзсіз. Дені сау адам қан шығару арқылы қанын жаңартып-жаңғыртып отыру – бұл қасиетті ислам дінінің негізін қалаған Мұхаммед пайғамбарымыздың (с.ғ.с) дәуірінен бар сүннет, амал. Мәселен, Орал қалалық мешітінің наиб имамы Бейімбет Дүйсенәлі, халық арасында «Қызыл мешіт» атанып кеткен мешіттің наиб имамы Әзілхан Бисенғалиев, Ақжайық ауданындағы Ілбішін ауылдық мешітінің бас имамы Тұрсынғали Қожанов сынды діни қызметкерлер және Жұмасейіт Құсайынов, Альберт Мұстафа секілді жамағаттарымыз жиі қан тапсырып, сауапты іске тікелей үлес қосып жүр, – деді осы тақырыптағы бізбен әңгіме барысында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Батыс Қазақстан облысындағы өкіл имамы Сұлтанов Руслан бауырымыз.
 
Бауыржан ФАЙЗОЛЛАҰЛЫ,
Батыс Қазақстан облысы http://aikyn.kz/news/view/54610
Сайт президента Акимат Кызылординской области Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы Рухани Жаңғыру Digital Kazakhstan Egov