1 214

Медқызметкерлердің санаттарын беру мен сертификаттау бойынша жаңа заң нормалары күшіне енеді

Астана. 8 қазан. Baq.kz - 2015 жылдың 9 қазанынан бастап денсаулық сақтау саласы мамандарын сертификациялау мен біліктілік санатын беру процедураларын реттеу мақсатында «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексінің жаңа нормалары күшіне енеді деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметі.

Енді жоғарыда аталған нормаларға сәйкес, медқызметкерлердің білімі мен машықтарын аккредителген ұйым бағалайтын болады.

2015 жылдың 16 қыркүйегінде ҚР ДСӘДМ Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығын ( әрі қарай - ДСДРО) денсаулық сақтау саласының мамандары біліктілігінің сәйкестігі мен кәсіби дайындығын бағалау құқығын беру үшін аккредиттеді. ДСДРО-ға аккредитация туралы куәлік 4 жыл мерзімге берілді.

ДСДРО сарапшылары медқызметкерлерді бағалау жұмысын барлық облыс орталықтары, Астана және Алматы қалаларында өткізетін болады. Үміткерлер оң нәтижелі баға алғаннан соң, клиникалық практикаға рұқсат алу үшін маманның сертификаты немесе біліктілік санатын беру куәлігін алу мақсатында комитеттердің аймақтық департаменттеріне хабарласа алады.

 

http://baq.kz/kk/news/ult-sauligi/medkizmetkerlerdin-sanattarin-beru-men-sertifikattau-boiinsha-zhana-zan-normalar-72733

 

 

Санат пен куәлік алуға қажетті құжаттар мен бұйрықтар. Оны осы жерден жүктеп алуға болады

 

Скачать файл: 404.kaz.pdf [7.74 Mb] (cкачиваний: 10)
Посмотреть онлайн файл: 404.kaz.pdf

Скачать файл: 531.kaz.pdf [82.8 Kb] (cкачиваний: 3)
Посмотреть онлайн файл: 531.kaz.pdf

Скачать файл: anketa.pdf [1.12 Mb] (cкачиваний: 11)
Посмотреть онлайн файл: anketa.pdf

Скачать файл: grafik.pdf [515.71 Kb] (cкачиваний: 9)
Посмотреть онлайн файл: grafik.pdf

Скачать файл: prikaz.pdf [521.47 Kb] (cкачиваний: 9)
Посмотреть онлайн файл: prikaz.pdf

Скачать файл: spisok.pdf [192.47 Kb] (cкачиваний: 4)
Посмотреть онлайн файл: spisok.pdf

Сайт президента Акимат Кызылординской области Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы Рухани Жаңғыру Digital Kazakhstan Egov