812

С. Қайырбекова Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму бірінші вице-министрі қызметінен босатылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 9 қазанындағы қаулысымен Салидат Зикенқызы Қайырбекова басқа жұмысқа ауысуына байланысты ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму бірінші вице-министрі қызметінен босатылды, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, Салидат Қайырбекова 2010 жылдың қазанынан 2014 жылдың тамыз айына дейін ҚР Денсаулық сақтау министрі қызметін атқарды. 2014 жылдың тамыз айынан бастап ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму бірінші вице-министрі қызметіне тағайындалған болатын.

http://inform.kz/kaz/article/2827365

 

 

Сайт президента Акимат Кызылординской области Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы Рухани Жаңғыру Digital Kazakhstan Egov