
Гемоглобин бұл-эритроциттердің немесе қанның қызыл түйіршіктерінің құрамына кіреді, ақуыздар мен темірден тұрады және осы ақуыздар мен темір қанға қызыл түс береді. Гемоглобин ағзаның барлық тіндерін оттегімен қамтамасыз етеді. Осындай ағза үшін маңызды рөл атқаратын гемоглобин жайында толық ақпарат легін ұсынамыз. Гемоглобинді қалай өлшейді? Гемоглобин деңгейін қан талдауы арқылы тамырдан немесе саусақтың ұшынан алып анықтайды. Гемоглобин көрсеткіші қалыпты жағдайда әйелдер үшін 110-150 г/л, ерлер үшін 120-160 г/ларалықта болуы қажет. Гемоглобин жоғары болса: Адамның тұрғылықты жеріне байланысты ластанған ауадан гемоглобиннің деңгейі көтерілуі мүмкін. Спортпен тұрақты шұғылданып, физикалық күш түскенде, темекіні көп қолданған кезде де гемоглобин көтеріліп кетеді. Гемоглобиннің жоғары...